Тұрақты даму

Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы

2019 жылы КПО жалпы құны 204 млн. АҚШ долларын құрайтын 32 қазақстандық тендерді тек қана Қазақстандық компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде, жергілікті компаниялармен жалпы құны 77,7 млн. АҚШ долларын құрайтын 25 келісімшарт жасасты. «Қазақстандық тендерді» өткізу мүмкіндігі жергілікті әлеуеттің дамуының сапалы көрсеткіші болып табылады және жергілікті нарықтағы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің бар екенін дәлелдейді.

КПО компаниясы Батыс Қазақстан облысы өндірушілерінің тұрақты дамуына мақсатты үлес қосады. Мұнай-газ өнеркәсібіне машина жасауды дамытудағы ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында КПО «БҚО мұнай-газ өнеркәсібіне машина жасау» кластеріне қатысушы кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. 2019 жылы БҚО-ның машина жасаушы алты кәсіпорнына нарықты зерттеуде қатысу үшін 26 шақырту, соған қоса тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізу бойынша 32 тендерге шақыртулар жіберілді.

Жасасқан келісімшарттар нәтижелерінде 2019 жылы КПО БҚО кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізу үшін 410 млн. АҚШ долларын төледі. Мұндағы жергілікті қамту үлесі 71,1% немесе ақшалай тұлғанымындағы 291,6 млн. АҚШ долларын, құрады, соның ішінде:

  • БҚО машина жасау зауыттарының арасындағы тендер нәтижесінде «Зениттехсервис» ЖШС-мен мамандандырылған механикалық өңдеу бойынша пайдалану қызметтеріне жасалған келісімшарт;
  • «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС-мен трансформатор өндіруге және жеткізуге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт;
  • БҚО машина жасау кәсіпорындарының арасында жүргізілген «қазақстандық тендер» нәтижесіндегі «Аксайгазсервис» АҚ-мен каустик пен судың алты буферлі ыдысы өндірісіне жасалған келісімшарт.