Тұрақты даму

Жергілікті жеткізушілердің әлеуетін дамыту

Бәсекеге қабілетті жергілікті жеткізушілерді қызметімізге тарту мүмкіндігі тауар, жұмыс, қызметтерді Қазақстанда меңгеруге бағытталған бастамаларды сәтті жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады. Жергілікті өндірушілердің және қызметтерді жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін сапаны ішкі басқару стандарттарын және техникалық стандарттарды, сонымен қатар бизнесті басқарудағы озық әдістерді енгізу арқылы дамытуға және арттыруға болады.

КПО-ның жергілікті жеткізушілерді дамыту бағдарламасы аясында «ПЗТМ» және «Ақсайгазсервис» компаниялары ASME стандарттарын сәтті енгізіп, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды өндіру мен жөндеуге ASME стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтіп, «U» мен «R» мөрлерін қоюға рұқсат алды.

ҚР жергілікті өндірісін дамыту үшін инвестицияларды тарту үшін және серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға немесе қазақстандық ұйымдармен бірлескен кәсіпорындар құруға халықаралық компаниялардың қызығушылығын анықтау мақсатында КПО халықаралық қауымдастықтармен, соның ішінде Ұлыбританияның халықаралық сауда департаментімен, Италия мен Қазақстан сауда қауымдастығымен және т.б. халықаралық компаниялармен әріптестігін жалғастырды. Мәселен, 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазСервис» және «Эни» арасында өткен қазақ-итальян форумын ұйымдастыруға КПО компаниясы қолдау көрсетті. Оған қоса, бірлескен жиналыстарға қатысып, өзінің қазіргі және жоспарланған қызметтері туралы мәлімет ұсынды.