Тұрақты даму

Апаттық әрекет ету жүйесі

Апаттық жағдайларға дайын болу және қарсы әрекет ету апаттар мен күтпеген жағдайларды анықтау, сонымен қатар олардың пайда болуының алдын алу мен адамдардың қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуды қамтиды.

Қарашығанақ кен орны аймағында күкіртсутегінің (H2S) ықтимал апаттық шығарындылары жағдайында күкіртсутегі әсерінің қатерін төмендету мақсатында КПО 2018 жылғы желтоқсанда «КПО мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерін күкіртсутегі әсерінен қорғау стратегиясын» дайындап шығарды. Стратегия талаптарын орындау мақсатында Компания фильтрлі құтқарғыштар мен жеке газ детекторларды КПО және мердігерлік ұйымдар қызметкерлеріне сатып алды. Жеке қауіпсіздік құралдарын үлестірудің орталықтандырылған нүктесін қамтамасыз ету мақсатында, жеке тыныс алу мүшелерінің қорғаныс құралдарын беру орталығы Ақсай қаласында ашылды.

2019 жылғы мамыр айынан бастап КПО компаниясының, кадрлық агенттіктердің барлық қызметкерлері және Компанияға келушілер Қарашығанақ кен орны аймағына кіргенде өзімен бірге Компаниямен берілген фильтрлі құтқарғыштар мен жеке газ детекторларын алып жүруге тиіс. 2020 жылғы ақпаннан бұл талап мердігерлік ұйымдар қызметкерлеріне де қатысты тарала бастады.

КПО-да кез келген оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ олардың ауқымын бағалау, оларды оқшаулау және жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу үшін қажетті сенімді үш деңгейлі әрекет ету жүйесі қолданылады. Аталмыш жүйе төмендегі суретте берілген.

КПО апатқа қарсы әрекет ету жүйесі

Компания жүйесі жыл сайын апаттық әрекет етудің I, II және III деңгейлері бойынша апаттық жаттығуларды және оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес әртүрлі оқу-жаттығуларда сыналады. Жүйелі практикалық оқу-жаттығуларын бөлек, 2019 жылы апатқа қарсы әрекет етудің жауапкершілігі әртүрлі деңгейдегі ұйымдардың қатысуымен кең ауқымды оқу-жаттығулары өткізілді. Сонымен қатар, апаттық басқару топтарымен кен орны және Ақсай қаласы аумағында апталық оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл шараларда нысандардың апаттық жағдайларын жою жоспарлары бойынша әртүрлі сценарийлер қарастырылды.

Бұған қоса, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, 2019 жылы апатқа қарсы әрекет ету тобы КПО нысандарының апаттық координациялық орталығы негізіндегі апаттық басқару штабы қызметкерлерімен теориялық оқу-әдістемелік жаттығуларды да ай сайын өткізді. Бұл жаттығуларға ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, ҚӨК, Экоорталық нысандары және ұңғымалық операциялар, ұңғымаларды пайдалану және өндіру бөлімдері қатысты.

Жыл ішінде әр апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығулары КПО апаттық-құтқару қызметтерін, атап айтқанда:

  • өрт сөндіру қызметін;
  • газдан құтқару қызметтерін;
  • газдан құтқарудың ерікті жасақтарын;
  • медициналық қызметкерлерді тартумен өткізілді. 

Сондай-ақ, 2019 жылы КПО ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес компания қызметкерлерін азаматтық қорғау бойынша электронды оқытуды жалғастырды. КПО басшылығы және КПО апаттық-құтқару қызметтері мен нысандарының жетекшілері БҚО төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау бойынша оқытудан және ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің оқыту орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, жыл ішінде апаттық басқару топтарының 36 мүшесі кең ауқымды апаттық оқиғаларды басқарудың арнайы курсынан өтті.  

2019 жылы өткізілген апатқа қарсы әрекет ету жаттығулары

Жаттығу түрі / атауы

Қатыстырылған төтенше жағдайда әрекет ету деңгейі

Күні

Іс-әрекеттер сипаттамасы

КПО нысандарында болған жаттығулар

I

Ай сайын

Жыл ішінде апатқа қарсы жаттығулар жоспарына және нысандардың апатқа қарсы әрекет ету жоспарында белгіленген сценарийлерге мақсатты әрекет етуге сәйкес 126 нысандық жаттығулар өткізілді.

Эвакуациялық және құтқару тыныс алу аппаратын кию бойынша практикалық жаттығулар

Нысандар қызметкерлері

Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр

Эвакуациялық тыныс алу аппаратын кию бойынша теориялық және практикалық жаттығулар.

Далалық өрт сөндіру жаттығуы

Өрттен қорғау және апаттық құтқару қызметі

Мамыр

Далалық өрт сөндіру жаттығуы № 347-ұңғымада жүргізілді. Оның мақсаты өрт сөндіру қызметкерлерінің, жер жырту трактор жүргізушілерінің, АБО операторының өзара іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ өрт қауіпті маусымның басталуына дейін далалық жерде өртті сөндіру жабдықтарын және оның күйін тексеру болды.

ГКДҚ-2, ҚӨК, ГКДҚ-3 топтық штабтық жаттығулар

IІ және IIІ деңгейлер

Сәуір, Маусым, Қыркүйек

Апаттық басқару штабы мен кен орны апаттық басқару тобы арасындағы өзара іс-қимылдарды пысықтау мақсатындағы топтық және штабтық жаттығулар. Сценарийлер нысандардың апатқа қарсы әрекет ету жоспарларынан алынды.

Зақымданған адамды тұйық кеңістіктен құтқару бойынша апаттық құтқару жаттығулары

I, Апаттық құтқару қызметтері

Маусым, Шілде, Қыркүйек

Жаттығулар ұңғыма алаңында өткізілді, оның мақсаты тұйық кеңістіктен апаттық құтқару операцияларын орындау және Ұңғыма операциялары бөлімінің, Жинақтау жүйесі бөлімінің, АБО операторының, және ерікті газдан құтқарушыларымен қоса Апатқа қарсы әрекет ету қызметтерінің өзара іс-қимылдарын пысықтау болды.

«KҚК құбыр желісі мен Көшім өзені қиылысында мұнайдың төгілуі» арнайы тактикалық жаттығулары

I

Шілде

Бондар мен мұнайды жинау жабдығын қолдану арқылы Қарашығанақ-Атырау (KҚК) құбыр желісімен қиылысқан жерлерде Көшім өзеніндегі мұнай төгілулерін жою.

«УЭЙД» топтық-штабтық жаттығуы

II және III деңгейлер

Шілде

Жаттығу сценарийі бойынша қырғышты жіберуге дайындық кезінде ҚӨК-гі манифольдтан шығарынды имитациясы қарастырылды, нәтижесінде ол тұтанып, газ бұлтының шығуына, сонымен қатар көптеген КПО мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің зардап шегуіне әкелді.

«ФОНТАН» көп деңгейлі біріктірілген жаттығулар

I және II деңгейлер

Қараша

Жаттығу сценарийі бойынша 400 атмосфералық қысыммен газ шығарып, айдау ұңғымасының қысымын реттеу клапаны алдындағы 2 дюймдік айналма желісінің жарылуы қарастырылды.

Төтенше жағдай мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас

ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау терминалы экспорттық құбыр желісінің маңызы, апаттық әрекет ету жүйесі, экспорттық құбырдағы ықтимал төтенше жағдай (ТЖ) кезінде жергілікті халықты құлақтандыру және бұл ТЖ жою сияқты әртүрлі сұрақтарға түсініктеме беру мақсатында КПО мамандары кен орнының санитарлы-қорғау аймағына және ҚАТЖ құбыр желісіне жақын орналасқан елді мекендердің лауазымды тұлғаларымен кездесулерді жүйелі түрде өткізіп тұрады.

2019 жылы 28 елді мекенде 131 адамның қатысуымен 32 кездесу өткізілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулары 78 адамның қатысуымен өтті. Билік органдарымен және кен орнына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі, қауіптің көзі болуы мүмкін бейсауат мал/жабайы жануарлар сияқты тақырыптарға 103 адамды қамтыған 10 кездесу өткізді.

Нәтижесінде, барлық тұрғындардың ҚМГКК аумағында ықтимал ТЖ орын алуы кезіндегі әрекет ету тәртібінен хабардар болу деңгейі өсті.

Қарашығанақ кен орны аумағына жақын орналасқан елді мекендердегі тұрақты дайындықты сақтау мақсатында 2019 жылы КПО апаттық әрекет ету тобының халықты қорғау мамандары мердігерлік ұйымдар өкілдерімен бірге апаттық құлақтандырудың дабыл жүйесін ай сайын тестілеп отырды.

Бұған қоса, 2019 жылы ауыл тұрғындарына ауызша нұсқауларды беру үшін қосымша дауыс зорайтқыштарды орнату арқылы КПО Приурал, Жаңаталап, Өспен және Жарсуат ауылдарында жалпы құлақтандыру жүйесін жетілдіру жобасын бастады және аяқтады.

Сонымен қатар, КПО жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны, өрт қауіпі болуы ықтимал және қысқы кезеңдерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда. Бұл кездесулер туралы ақпарат төмендегі кестеде таба аласыздар.

2019 жылғы КПО-ның Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдық округтерінің ресми тұлғаларымен апаттық әрекет етуге қатысты кездесулері

Мақсаты

Саны

Қатысқан қоғамдық топтар

1

Апатқа қарсы әрекет ету жүйесі, елді мекендердегі тұрғындарға апаттық дабыл беру станцияларының міндеттері мен мақсаттары, және дабыл іске қосылған кездегі атқарылатын іс-қимылдар туралы хабардарлықты арттыру.

Жалпы саны 103 адамның қатысуымен 12 жиналыс

Әкімдер мен елді мекендер әкімдіктерінің қызметкерлері, жауапты тұлғалар мен лауазымды тұлғалар, ауыл тұрғындары

2

Тұрғындарға дабыл беру станцияларының іске қосылуы, байланысу тәртібі және кен орнында апаттық оқиға орын алған жағдайда тұрғындарды эвакуациялаумен қоса дабыл іске қосылған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары.

Жалпы саны 78 адамның қатысуымен 6 жиналыс

Әкімдер мен елді мекендер әкімдіктерінің қызметкерлері, жауапты тұлғалар мен лауазымды тұлғалар, қоғамдастықтар мүшелері, және тұрғындар

3

Қарашығанақ — Үлкен Шаған — Атырау (ҚАТЖ) экспорттық құбыр желісі бойындағы елді мекендердің лауазымды тұлғаларын ҚАТЖ экспорттық құбыр желісінде төтенше жағдай туындаған кезде өзара іс-қимыл тәртібі туралы хабарлау.

Жалпы саны 131 адамның қатысуымен 28 елді мекендерде жиналыс

Әкімдер мен елді мекендер әкімдіктернің қызметкерлері, жауапты тұлғалар мен лауазымды тұлғалар.