Тұрақты даму

Парниктік газдар шығарындылар көлемін азайту

ПГ шығарындыларының (СО2) көлемін жоспарлы азайту аясында, КПО 2019 жылы өндірісті оңтайландыру және қуат тиімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы ПГ тікелей шығарындыларын 280 мың тоннаға азайту мақсатын қойды.  

Төмендегі кестеде көрсетілген алты жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ПГ шығарындыларының нақты қысқаруы жоспарланған көрсеткіштен 2 еседен көп болды.  ПГ шығарындыларын азайтуға негізгі үлесті (87%) ұңғымалардағы КСШ жағудың алдын алу шаралары қосты.

2019 жылғы ПГ шығарындыларын азайту шаралары

Шаралар

Шығарындыларды азайту ПГ, тонна/жыл

Орындалу %

Жоспар

Іс жүзінде

1

Ұңғымаларды тазалау кезінде жоғары қысымды сепараторды пайдалану

167

367

220%

2

Ұңғымаларды тазалау кезінде жоғары қысымды сорғыны пайдалану

18

17

94%

3

Қабатқа әсер ету мақсатында көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды қолдану

18

19

106%

4

ҚӨК алау коллекторлары клапандарын жөндеу

19

24

126%

5

4-технологиялық желідегі бу шығынын есептегіш жұмысын реттеу

10

16

160%

6

ГКДҚ-2 компрессорларының құбырлық байламасын жетілдіру

8

21

263%

 

Барлығы:

240

464

193%

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі  аясында реттеледі.  КПО шығарындылардың меншікті коэффициенттері (бенчмарк) негізінде 2018-2020 жылдарға арналған көлемі 6 927 159 тонна болатын парниктік газдар (СО2) шығарындыларына квота алды. 2018-2019 жылдары жалпы нақты шығарындылар көлемі СО2 3 441 245 тоннасын, яғни алынған квотадағы көрсеткіштің 50 % құрады.

ПГ шығарындыларын есепке алу көміртек диоксиді (СО2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша есептеу әдісімен мекеме қызметі туралы мәліметтер (жанармай шығысы және жанармай құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде жүргізіледі.

2019 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы расталған есебіне сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 1 870 324 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне қатысты 1 710 330 тонна СО2 экв. (91,4%), CH4 үлесіне – 151 653 тонна СО2-экв. (8,1%), ал N2O үлесіне – 8 342  тонна СО2-экв. (0,5%).  

ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат төмендегі кестеде көрсетілген.  2018 жылмен салыстырғандағы 2019 жылғы ПГ шығарындыларының шағын ғана азаю (1,2%-ға) нысандардың толық тоқтатылылуы салдарынан негізгі және тұрақты көздердің жанармайды тұтыну деңгейінің төмендеуімен байланысты.

КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы

Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СО2 эквивалентінде, тоннамен)
Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан Отынды тұрақты көздерде жағудан Ұйымдастырылмаған шығарындылар 2019 жылғы ПГ жалпы шығарындылары 2018 жылғы ПГ жалпы шығарындылары 2017 жылғы ПГ жалпы шығарындылары
146 751 1 574 585 148 988 1 870 324 1 893 447 1 928 700

Парниктік газдардың меншікті шығарындылары

2019 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары 64 тонна СО2 құрады, бұл - өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларын 67 тонна СО2 асырмау көрсеткішін сақтау бойынша мақсаттарға толықтай сәйкес келеді.

Төмендегі сызбада КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 23%-ға, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 52%-ға төмен болды.

Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққанда ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы

* Деректер көзі ретінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы “Экологиялық нәтижелілік көрсеткіштері бойынша 2018 жылғы деректер” есептері алынды. 2019 ж. салыстыру үшін 2018 жылғы ақпарат қолданылды, себебі осы басылымды шығару кезінде IOGP 2019 жылғы есебі әлі дайын болмаған.