Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу

КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және Компания мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетін жақсарту мақсатында 2019 жылы алты элементтен тұратын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында көшбасшылықты жақсарту бағдарламасын бастады:

  • Ережелерді біріктіру;
  • Салдарларды басқару;
  • Көшбасшылық және тәлімгерлік;
  • Басшылықтың жұмыс алаңдарында болуы;
  • Ынталандыру механизмі;
  • Қауіпсіздіктің жүйелі тосқауылдарын басқару

Ережелерді біріктіру

КПО үш «Алтын ережелерге» қоса 2019 жылы 11 өмірді сақтайтын ережелерді енгізді.

КПО қауіпсіздік мәдениетін арттыру, барлық мұнай-газ өнеркісібі ұйымдары арасында стандарттау және білім, алынған сабақ пен тәжірибемен алмасу мақсатында Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығымен (IOGP) дайындалған «Өмірді сақтайтын ережелерді» қабылдады. «Өмірді сақтайтын ережелер» «Алтын ережелерді» нығайтып, басты назарды 11 қауіп-қатер деңгейі жоғары жұмыс түріне аударады.

«Алтын ережелер» мен «Өмірді сақтайтын ережелер» КПО-ның, мердігер ұйымдардың және қосалқы мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қатысы бар, себебі қызметкерлердің орынды не орынсыз әрекеттері ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жағдайына елеулі әсер етеді.

Салдарларды басқару

Әділ тәсілдер мен сенім мәдениетін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарларды басқару» үлгісі жаңартылды. Бұл үлгі қызметкердің оң не теріс салдары бар оның тәртібін жүйелі түрде зерттеуді және лайықты көтермелеуді не жазалауды анықтауды қамтамасыз етеді. Жаңа үлгіге келесілер қосылды:

  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы мінездік талдау формасы;
  • Жағымды және жағымсыз тәртіптің нәтижелері мен салдары егжей-тегжейлі баяндалған;
  • «Өмірді сақтайтын ережелерді» сақтамаудың мысалдары мен ықтимал салалары.

Көшбасшылық және тәлімгерлік

2019 жылы Компанияда «Көшбасшылық және қауіпсіздік техникасы мәдениеті» бағдарламасы сәтті енгізілді. Компанияның және мердігер ұйымдардың 1000-нан артық супервайзерлері осы курстан өтіп, өз білімін, коучинг, қатыстыру мен араласу дағдыларын жетілдірді. Қызметкерлердің хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында ҚТ корпоративтік мәселелер бөлімі жобаларды дамыту бөлімнің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімшесімен бірге «Қауіпсіздік техникасы бойынша көшбасшылық пен коучинг бағдарламасы» тақырыбында бейнебаян түсірді.

Басшылықтың жұмыс алаңдарында болуы

Компанияның жоғары басшылығымен және нысандар/бөлімдер жетекшілерімен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексеріп шығу бағдарламалары ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштері мониторингі, және КПО саясатына, заңнама талаптарына және озық сала тәжірибесіне сәйкес үздіксіз жақсартуға бағытталған әрекеттерді үйлестіру мақсатында КПО-ның барлық жетекшілеріне жұмыс алаңдарына бару мен жұмыскерлермен өзара әрекеттесу қажеттілігін белгілейді.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексерулері екі деңгейде өткізіледі: КПО директорлары мен басқарушыларының, сондай-ақ мердігер ұйымдар басшыларының қатысуымен жоғары басшылық тексерулері, және Компанияның орта буын жетекшілерінің тексерулері.

2019 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулердің жалпы саны жоғары басшылықтың қатысуымен жоспарланған 60-пен салыстырғанда 85-і өткізілді (жоспардың орындалуы 142%), ал басшылықтың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер саны 476 болды, жоспарланған саны 350 (жоспардың орындалуы 136%). ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында көшбасшылықты жақсарту бағдарламасы аясында тексеріп шығу нұсқаулығы жаңартылды.

Ынталандыру механизмі

КПО басшылығы қызметкерлерін қауіпті жағдай, қауіпті әрекет немесе ықтимал қауіпті жағдай сияқты кез келген қауіпті жағдайларды уақытылы анықтау, араласу және хабарлау дағдыларын дамыту арқылы ҚТ бойынша алдын алу көрсеткіштеріне қол жеткізуге ынталандырады. Ынталандыру механизмі табысты іске асқан тәжірибе үлгісі ретінде көрсетілген.

Қауіпсіздіктің жүйелі тосқауылдарын басқару

Компанияның нысандарды жобалау, құрылысы, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге жұмылдырылған қызметкерлердің біліктілігін қамтамасыз ету саясаты шеңберінде жоғарыда айтылған қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру мен тексерудің негізгі принциптерін және жақсарту аясын анықтайтын құжат әзірленді. Сонымен қатар, негізгі орта буын басшылардың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында біліктілігін бағалау жүргізілді. Жұмыс 2020 жылы жалғасады.

Мұнай саласындағы компания-операторларымен серіктестік

«Тенгизшевройл» (ТШО), КПО және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компанияларының қауіпсіз әрекет мәдениетін бірлескен күш-жігермен қалыптастыру мақсатында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынтымақтастық бастамасы 2019 жылы да сәтті жалғасын тапты. Оған қоса ақпаратпен, оқиғалардан алған сабақтармен және озық тәжірибемен алмасу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ бұл бастама мұнай мен газ саласында біріңғай талаптар мен практикалық шешімдерді жеңілдетуге, стандарттауға және енгізуге бағытталған.

2019 жылы барысында Ақсай (КПО), Атырау (НКОК) қалаларында және Тенгиз кен орнында үш кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесулер барысында оқиғалардан сабақ алу, қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылық, мердігер ұйымдарды басқару үдерісі, жол қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар және апаттық жағдайға әрекет ету сияқты мәселелер талқыланды. Барлық тараптар бұл ортақ жұмысты өзара тиімді деп бағалады. Бұл бағыттағы жұмыс 2020 жылы да жалғасады.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы бойынша бақылаулар, 2017-2019 жж.

КПО қызметкерлердің қауіпсіздігіне және ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуына аса көңіл бөледі. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы КПО-да 2012 жылдан бері қолданылып келеді, және кәсіпорында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында қауіп-қатерлерді басқару бойынша алдын алу бағытындағы негізгі құралдардың бірі болып табылады.  Бұл бағдарлама қызметкерлерге кез келген байқаған қауіпсіз жағдайлар/әрекеттер мен ықтимал қауіпті жағдайларды бақылауға, араласуға, және қажет жағдайда жұмысты тоқтатуға және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы арқылы хабарлауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада КПО мердігер ұйымдардың өкілдері де қатысады. 2019 жылы 69 мердігер ұйым 19 676 бақылау жасап, пікір ұсынды, бұл жалпы келіп түскен карталардың 70%-ын құрады.

  • 2019 жыл қорытындысы бойынша карталар бағдарламасына 4 145 қызметкер қатысты.
  • 2019 жылы 29 342 іс-әрекет бақыланды;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы арқылы 61 ықтимал қауіпті оқиға туралы хабарланды, және аса ауыр оқиғалардың алдын алу үшін бұл оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары жүргізілді;
  • 17 308 астам іс-әрекетке араласып, түзету шаралары белгіленді. Олардың 92%-ы жылдың аяғына қарай толық атқарылды;

Қызметкерлердің 100%-ы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігі (ЖҚ) бойынша тұрақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында, КПО компаниясы ЖҚ жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастыруда. 2019 жылы осы жоспардың қысқа мерзімді іс-шаралары 100% толықтай орындалды, соның ішінде:

  • ЖҚ бойынша ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ  саласындағы 4-жылдық стратегиялық жоспарында негізгі мақсаттар айқындалды;
  • ЖҚ  басқару бойынша комитет құрылды;
  • Мердігерлік ұйымдар көлік құралдарының техникалық инспекциясы, техникалық қызмет және жөндеу жұмыстары жүргізілуінің сапасын бақылау үшін көлік құралдарындағы ҚТ бойынша екі жаңа инспектор қызметке алынды;
  • Көлік құралдарын бақылау жүйесі жұмысы Халықаралық мұнай және газ өндірушілерінің қауымдастығы (IOGP) критерийлеріне сәйкес келтіріліп реттелді;
  • Жүргізушілердің көлік айдау мәнері бойынша көрсеткіштері апта сайын КПО директорларына жіберіліп, ішкі интранет-порталына жүктеледі;
  • КПО негізгі бағдарлары бойынша жол қауіп-қатерлерін бағалау жүргізілді.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі саласында қоғаммен жұмыс шеңберінде келесі шаралар іске асырылды:

  • ЖҚ бойынша 5 билборд Ақсай қаласында орнатылды;
  • Маусым айында Халықаралық балалар қорғау күніне арналған ЖҚ бойынша іс-шаралар және қыркүйек-қазан айларында Бөрлі ауданының аудандық орта білім беретін мектептерінің кіші сынып оқушыларының жол полициясы өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылды;

Қауіпсіздік белдіктерін тағу, жылдамдық режимін сақтау, жаяу өтпе жолдарды қауіпсіз жүріп өту, көлікте балалар креслоларын пайдалану, көлік жүргізу кезінде шылым шегудің және мас күйде көлік жүргізудің қауіпі және т.б. тақырыптардағы  аудио-роликтер жергілікті радио арнасы арқылы таратылды.