Тұрақты даму

ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер

Біз өндірістегі жарақаттануды толығымен жою мақсатында үдерістерді жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз.

Бұл бөлімде 2011-2019 жылдар аралығындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы көрсеткіштері ұсынылған, және оның ішінде 2019 ж. деректерге ерекше көңіл бөлінген. Біз қарқынды қадағалап, бағыттарды зерттеп, болашаққа жұмыстарды жоспарлаймыз. Қызметіміздің сәтті орындалуы адам-сағаты ескеріліп, белгілі бір жұмыс көлемі барысында орын алған оқиғалар жиілігімен анықталады.

Төмендегі сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі (ЕЖОЖ) мен есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі (ЕТОЖ) көрсетілген.

2019 жылы КПО компаниясында еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген және есепке алынуы тиіс оқиғалар санының айтарлықтай азайғаны байқалды. 2019 жылы КПО-да ЕЖОЖ 0,06-ны (2018 жылғымен салыстырғанда 0,29), ал ЕТОЖ 0,28-ді (2018 жылғымен салыстырғанда 0,50) құрады.

КПО оқиғалардың қайталануын алдын алу мақсатында барлық оқиғаларды тексеріп зерттейді. Сондай-ақ, біз қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында оқиғалардан алынған сабақтармен мердігер ұйымдарымызбен және мүдделі тараптарымызбен бөлісіп, басқа да компаниялар қызметтерінен сабақ аламыз.

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі мен есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі: КПО мен мердігер ұйымдар, 2011-2019 жж.

КПО көліктері 2018 жылдың 38 млн километрмен салыстырғанда 2019 жылы 42,7 млн километр жолды жүріп өтті.  

1 млн км жүріп өткен жолға шаққандағы жол-көлік оқиғалар (ЖКО) жиілігі 2018 жылғы 0,03 көрсеткішінен 2019 жылы 0,02-ге төмендеді. Бұл 2019 жылы жол қауіпсіздігі жоспарын жақсарту мақсатында жүргізілген бірқатар шараларды орындаумен байланысты болды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ҚӨК газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасын жүзеге асыруды бастау себебінен көлік құралдарының жүрген жолдарының артуымен байланысты болды.

2019 жылы бір ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды - үшінші тарап көлігін басып озу кезінде  мердігер ұйым көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жанына (жыраға) түсіп кетті.

Ауыр жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2017-2019 жж.

Саланың басқа компанияларымен салыстыру

Жыл сайын біз ҚТ саласындағы көрсеткіштерімізді басқа мұнай және газ өндіруші операторлардың көрсеткіштерімен салыстырып отырамыз. КПО негізгі тиімділік көрсеткіштері әлемдік оператор-компаниялардың ұсынылған Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы есебінде берілген көрсеткіштерімен салыстырылады.

2019 жылы еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалардың саны КПО-да айтарлықтай азайды. Саладағы басқа да компаниялармен салыстырғанда 2019 жылы КПО еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалардың жиілігі 2018 жылдың IOGP 10 үздік компаниясы мен IOGP орташа көрсеткішінен жоғары (төмендегі сызбаны қараңыз). IOGP ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштері жыл сайын www.iogp.org сайтында жарияланады.  

IOGP ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғандағы КПО көрсеткіштері, 2006-2019 жж.