Тұрақты даму

Еңбекті қорғау

КПО еңбекті қорғау жүйесін кәсіби ауруларды алдын ала сақтандыру, компания жұмысшыларының денсаулығын және физикалық жағдайын жақсарту және шұғыл медициналық жәрдем көрсетуге бағытталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесінің маңызды элементі деп санайды.

Медициналық қызмет көрсету тобына дәрігерлер, фельдшерлер және жүргізушілерді қосқанда 62 маман, сонымен қатар кен орын территориясы мен Ақсай қаласындағы толықтай қамтылған төрт клиникалардағы қазіргі заманғы жедел жәрдем көліктер паркі кіреді. Медициналық көмек көрсету клиникаларының жұмыс тәртібі – тәулік бойы, жұмасына жеті күн. Барлық дәрігерлер мен фельдшерлердің ұлттық халықаралық стандарттарға сәйкес біліктілігі бар, қайта дайындау курстарын үнемі өтеді, ал жедел жәрдем көлік жүргізушілері көмекші қызметкерлерге арналған халықаралық бірінші медициналық көмек көрсету курсын өтті.

Жақын арада вахталық қалашықта тағы бір клиниканың ашылуы жоспарлануда. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталды және мемлекеттік лицензияны алуға өтініш жіберілді.

«Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін  зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 Қаулысына сәйкес, электршілер, сонымен қатар жүргізушілер, операторлар және механиктер қазіргі уақытта күнделікті кен орын клиникаларында ауысым алдында медициналық тексеруден өтеді.