Тұрақты даму

Еңбек гигиенасы

Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі

Біздің Компания - өз санитарлық-гигиеналық зертханасы бар Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Зертхана осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын нормативтік талаптардың сақталуын бақылау мақсатында құрылды, содан бері оның қызметтері айтарлықтай кеңейтілді. Қазіргі таңда бұл жоғары білікті қызметкерлерімен қамтамасыз етілген, өндірістік гигиена бойынша қызмет көрсететін заманауи жабдықталған санитарлық-гигиеналық зертханасы. Зертхананың кейбір қызметтері төменде көрсетілген:

  • Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі,
  • Жұмыс орнын бағалау (соның ішінде қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау)
  • Асханалардың қауіпсіздігін тексеру,
  • Су сапасын бақылау,
  • Радиациялық бақылау,
  • Жұмыс орындарын куәландыру,
  • Кеңесшілік сүйемелдеу,
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы аудиттер,
  • Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу,
  • Құрамында асбест бар материалдарды бақылау.

КПО санитарлық-гигиеналық бақылауды екі негізгі бағытта жүргізеді: жұмыс аймағының ауасындағы химиялық заттардың мөлшерін және физикалық факторларды өлшеу.

Ауыз су сапасын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау

2017 жылы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша тексерулер тек КПО асханалары мен мердігер ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар Орал қаласындағы қоғамдық мейрамханаларда да жүргізілді. Бұл Орал қаласында жұмыс істейтін қызметкерлер санының артуына және компания ұйымдастыратын іс-шараларға тамақ өнімдерін жеткізу үшін тартылған келісілген тамақ өнімдерінің жеткізушілерін тексеру қажеттігіне байланысты болды. КПО сервистік қызмет көрсету бөлімі бірнеше қоғамдық тамақтану орындарының басшылығына олардың тамақтану орындарына тексеру жүргізуді ұсынды.   Нәтижесінде, КПО Денсаулық сақтау және өнеркәсіптік гигиена мамандары тексерген жеті мейрамхананың үш мейрамханасы КПО стандарттарына сәйкес келіп, компанияның іс-шараларын өткізу үшін қолайды қоғамдық тамақтану қызметтерін жеткізушілері болып танылды.

КПО денсаулық сақтау және өндірістік гигиена мамандары тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы аудит бағдарламасы аясында КПО қызметкерлері мен мердігерлеріне тамақтандыру қызметін ұсынатын 51 асханаға тексеру жүргізді.

2017 жылы КПО-ның барлық нысандарында ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінде легионелла бактериясының болу қаупін бағалау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша легионелла тұқымдас бактерияларды жұқтыру қаупін төмендету бойынша жоспар әзірленді.