Тұрақты даму

Медициналық қызмет

24/7 жедел медициналық көмек

КПО медициналық қызмет көрсету командасы компания қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, медициналық эвакуация мен репатриацияға дейін жедел медициналық көмек көрсетеді. КПО-да жыл бойы тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін бес толық жабдықталған клиника бар. Клиникалар кәдуілгі жедел жәрдем көліктерімен және жол талғамайтын реанимобильдермен қамтамасыз етілген.

Еңбекті қорғау саласындағы жұмыс көрсеткіштері еңбекті қорғауды тиімді басқарудың және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жетілдірудің қажетті бөлігі болып табылады. Сыртқы факторлардың әсерімен байланысты денсаулыққа қауіп пен аурудың дамуының арасында елеулі уақыт өтуі мүмкін. Аурудың пайда болу немесе оқиғаның орын алу себептерін ерте анықтау үшін тиісті бақылау жүйесі қажет екені анық. Сондықтан біз осы саладағы алдын алу жүйелері мен жоспарлы көрсеткіштерді пайдалану өте маңызды деп санаймыз.

2017 жылғы КПО медициналық көмек көрсету бойынша көрсеткіштері

Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеру

Заңнама белгілі кәсіптер қызметкерлерінің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтуін талап етеді.

Ауысым алдындағы медициналық тексеруден мұнайды өндіру, дайындау және айдау операторлары және қуаттылығы 220 В және одан жоғары қондырғыларда жұмыс істейтін электриктер өту тиіс. Бұл медициналық қызметті Денсаулық сақтау бөлімінің медициналық қызмет көрсету секторының медициналық қызметкерлері көрсетеді.

КПО-да жұмыс істейтін барлық жүргізушілер жолға шығар алдындағы және сапардан келген кейінгі медициналық тексеруден өтеді. Жолға шығар алдындағы және сапардан келген кейінгі медициналық тексеру медициналық қызмет көрсету секторының күшімен және мердігер медициналық мекемелердің медицина қызметкерлерімен жүргізіледі.

Жұмыс орнындағы алғашқы медициналық көмек

Қызметкерлерге күнделікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кен орны мен Ақсай қаласындағы КПО медициналық клиникалары ауруларды диагностикалау мен емдеудің алғашқы буыны болып табылады. КПО қызметкерлерін қорытынды диагностикалау және емдеу үшін медициналық мекемелер медициналық сақтандыру арқылы тартылады. Денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлердің ауруына байланысты жұмыста болмауын қадағалап, талдайды. Медициналық құжаттама құпиялылық қағидаттары сақтала отырып, дәрігерлік этика ережелеріне қатаң сәйкестікте жүргізіледі.