Тұрақты даму

Қызметкерлердің аурушандыңын бақылау

Жұмысқа жарамдылық

ҚР заңнамасына сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданған барлық тұлғалар медициналық тексеруден өтуі, сонымен бірге жұмысы қауіпті факторлардың әсер ету қауіп-қатермен байланысты қызметкерлер жыл сайын мерзімді медициналық тексеруден өтуі тиіс. КПО денсаулық сақтау бөлімі осы жұмысқа басшылық жасап, бақылайды.

Міндетті тексерулерден басқа, КПО барлық қызметкерлеріне денсаулықтарының жалпы жай-күйін  тексеру үшін тегін медициналық тексеруден өту де ұсынылады.

2017 жылы Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының нұсқаулықтарын  қосу мақсатында, сондай-ақ жергілікті заңнамалық талаптарға сәйкес болу үшін КПО-да жұмысқа жарамдылық туралы процедуралар қайта қарастырылды. 2019 жылға қарай Ақсай және Орал қалаларында халықаралық ұйымдармен аккредиттелген дәрігерлер жүргізетін OGUK (Oil & Gas UK) жұмысқа жарамдылықты бағалау  жөніндегі қызметті енгізу жоспарлануда.

Қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау

Денсаулық сақтау басқарудың кез келген жүйесінің негізгі элементі қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау (ДТҚБ) болып табылады. КПО-да қауіп-қатерлерді бағалау өндірістік факторлардың әсер етуінің ұқсас типтері бар лауазымдарға қолданылады және бағаланатын бөлімшенің өкілінен, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ және еңбекті қорғау және гигиенасы саласындағы мамандардан тұратын алқалы топпен қарастырылады. ДТҚБ нәтижелері бойынша түзету шараларын орындауға тікелей басшылар жауап береді және сол шаралардың жабылуы Synergi шараларды бақылау жүйесінде бақыланады. Барлық өндірістік қызметтер жүйелі түрде талдаумен және қайта бағалаумен ДТҚБ-дан өтеді. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және гигиена жөніндегі топ жоспарланған бағдарлама аясында да, жұмысшылардың өтініштері бойынша да эргономиканы бағалайды.

2017 жылы қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін маңызды қауіп-қатерлерді бағалауды, эргономикалық бағалауды және жұмыс орындарындағы қауіп-қатерлерді өзгертуді қамтитын қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді 210 бағалау өткізілді. ДТҚБ-дың толық сипаттамасы 2016 жылғы Тұрақты даму туралы есепте берілген.

Кәсіби аурулар

2013-2017 жылдар аралығында КПО-да кәсіби аурулар тіркелмеген.

КПО-дағы кәсіптік аурулардың жиілігі, 2009-2017 жж.

КПО кәсіптік аурулардың жиілігін есептеу үшін келесі формуланы қолданады:

Кәсіби аурулардың жиілігі (жұмыс істеген миллион адам-сағатқа) = кәсіби аурулардың саны x 1000000 / адам-сағат.

Қызметкерлердің жұмыс орнында болмауын қадағалау

Денсаулық сақтау қызметі қызметкерлердің ауруына байланысты жұмыс орнында болмауын қадағалап, талдайды.

Медициналық сақтандыру қызметін жеткізуші күнделікті КПО денсаулық сақтау бөліміне ауруханаға жатқызу және пациенттерді бақылау туралы есептерді береді. КПО денсаулық сақтау бөлімі ауруханалық парақтарды талдай отырып, уақытша еңбек ету қабілетін жоғалтумен байланысты аурушандықты да қадағалайды, бұл талдау нәтижелері кейін беталыстарды анықтау үшін пайдаланылады. Медициналық сақтандыру қызметтері КПО мен кәсіподақтар арасында жасалған Ұжымдық шарттың бір бөлігі болып табылады.

КПО жұмыс орнында болмау көрсеткіштері кестеде төменде көрсетілгендей тұрақты болып қала береді. Соңғы алты жыл ішіндегі көрсеткіштердің аздаған өсуі біртіндеп медициналық қызметтермен қамтудың ұлғаюымен, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістермен байланысты.

КПО жұмыс орнында болмау көрсеткіштері, 2010-2017 жж

КПО жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:

  • Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау салдарынан (ауруы бойынша) жоғалған күндердің нақты саны х 100 / қызметкерлердің жалпы саны. Қызметкерлердің өзге себептерге байланысты жұмысқа шықпай қалған күндері туралы мәліметтер жоқ.
  • КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші қызметкерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.