Тұрақты даму

Әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау

КПО компаниясы өнімді бөлісудің түпкілікті келісімінің (ӨБТК) 5-қосымшасына сәйкес жыл сайын Батыс Қазақстан облысы аймағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Басқару бойынша бірлескен комитеттің шешіміне сәйкес 2010 жылдан бастап КПО Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жылына 20 млн АҚШ долларын бөліп келеді. 2018-2022 жылдары БҚО-да әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, жұмсалмаған қаражат есебінен 2019-2021 жылдарға арналған жалпы сомасы 9,6 млн АҚШ долларын құрайтын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың қосымша тізбесі бекітілді.

Жоспарланған әлеуметтік жобалардың тізімі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен облыстың әлеуметтік дамуының қажеттіліктеріне орай келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға сәйкес және Орал қаласының инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін, сонымен қатар өңірдегі дене шынықтыру мен спорт салаларын дамыту қажеттіліктері негізінде дайындайды.

Компания бұл жобалардың жобалау мен сатып алу кезеңі, құрылыстың толық аяқталуы және кейінгі Батыс Қазақстан облысы меншігіне өткізілуіне дейінгі барлық үдеріс үшін толықтай жауапты. Әлеуметтік жобалардың барлығы жергілікті мердігерлермен орындалуы тиіс. Жобалар жыл аяғына дейін толық орындалмаған жағдайда, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға көшіріледі.

2019 жылы КПО компаниясы БҚО аумағындағы жаңа ірі ұзақ мерзімді жобаларды қоса алғанда, 12 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға кірісті. Атап айтқанда, темір жол арқылы өтетін жол өтпесін және Нефтебаза ауданы жол жабынын қайта құру, 450 орындық орта білім мектебі, көп функционалды мәдениет сарайы құрылысы, қалалық № 7 емхана құрылысы, Молдағұлова көшесінің күрделі жөнделуі, Орал қаласы халықаралық әуежайын қайта құру, Жаңғала және Жәнібек ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрлысы, Ақсай қаласы ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу. Сонымен қатар, аталмыш жылы Компания 3 млрд теңгеден асатын (7,9 млн АҚШ доллары) үш әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаны аяқтады.

2019 жылы орындалған жобалардың тізбесі төмендегі кестеде көрсетілген.

2019 жылы Орал қаласында және маңындағы ауылдарда КПО-мен аяқталған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар

Сала

Жоба атауы

Жолдарды жөндеу және салу

1. БҚО, Зеленов ауданы, Белес ауылына апаратын ұзындығы 12,3 км тас жолды күрделі жөндеу және салу

2. Орал қаласындағы Есенжанов көшесінің ұзындығы 3,3 км тас жолын Конкин көшесінен М-10 соңғы аялдамасына дейінгі күрделі жөндеу

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

1. «Батыс Қазақстан облысының индустриялық аймағы» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу