Тұрақты даму

Көшірілген тұрғындар мониторингі

КПО 2017 жылдың аяғында Березов және Бестау ауылдарынан Ақсай қаласына көшіп келген тұрғындардың мекендеу мониторингін жалғасытырп келеді. Көшірілген отбаслыр үшін Аралтал шағын ауданында 100 үй және Ақсай қаласында екі 9 қабатты көп пәтерлі үй салынды. Тұрғындарды көшіру халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес, жергілікті тұрғындардың ауқымды қатысуымен өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға шағымдар мен өтініштер процедурасының қызметі жанжақты түсіндірілді. 2015-2018 жылдар аралығында жалпы 465 отбасы көшірілді.

Мониторинг тұрғындардан жаңа қонысқа бейімделу кезінде кері байланыс алуға және үй салушылардың кепілдікті міндеттемелерін бақылау кезінде тиісті қолдауды көрсетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған процедураға сәйкес көшірілген тұрғындар мониторингі аясында 2019 жылы 218 өтініш тіркелді, олардың барлығы шешілді. (сызба төменде көрсетілген). Олар негізінен көшкеннен кейін жаңа үйлерден табылған кішігірім құрылыс ақауларын жоюға қатысты болды. КПО барлық шағымдарды кепілдікті қызмет көрсету бойынша жауапты мердігер құрылыс компанияларына жолдады. Ақауларды жою жұмыстарына Аралталда төбе жабыны мен септик ыдыстарын жөндеу және 10 шағын ауданындағы екі 9-қабатты үй алдында балалар ойын алаңы мен жылу санауыш құрылғыларын орнату кірді.

Көшіруден кейін үйреншікті тіршілік мүмкіндіктерін қалпына келтіру программасы аясында, Аралтал тұрғындары КПО-дан бақшаларын қосымша қара топырақпен қамтамасыз етуді сұрады. 2019 жылы КПО тұрғындардың шаруашылықтарын қайта қалпына келтіру және өз аулаларында көкөністерді өсіру үшін Аралталға 375 жүк көлік қара топырақ жеткізді.

КПО-ның мониторинг процесіне сәйкес Ақсай қаласы және Аралталға көшірілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар мүшелері басты назарда. КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы кәрі жастағы жалғыз басты тұрғындарға көмек көрсету және әлеуметтік қызметкер жұмысына байланысты мәселелерді шешуге қолдау көрсету немесе құрылыс ақаулары мәселелерін шешу мақсатында барып тұрады. Мысалы, КПО қызметкерлері 2017 жылы Березов ауылынан көшіріліп, Ақсайдағы көпқабатты үйде тұратын жалғыз басты кәрі жастағы бір әйелге Орталық аудандық ауруханасында медициналық тексеруден өтуге және тіркелуге көмектесті. Сондай-ақ КПО көмегімен оған тұрақты түрде келіп тұратын арнайы медбике тағайындалды.

2019 жылы жергілікті тұрғындардан келіп түскен шағымдар мен өтініштер

«Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орны айналасындағы елді мекендердегі газ иісіне қатысты шағымдарды басқару процедурасына» сәйкес Компания жыл бойы жергілікті тұрғындардан келіп түскен барлық шағымдарды уақытылы қарастыруды қамтамасыз етті. Олардың себептері мұқият талданып, КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі бөлімі арқылы оларға уақытылы жауап беріліп отырды.

2019 жылы Қарашығанақ кен орны айналасындағы елді мекендердегі газ иісіне байланысты жалпы 17 шағым тіркелді. КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы шағым түсірген әр тұлғамен кезекті жиналыс өткізіп, онда шағымдарды тексеру және қоршаған орта мониторингі егжей-тегжейлі мәліметтері бойынша орындалған нақты іс-шаралар туралы ақпарат берді. Газдың иісіне қатысты алаңдаушылық білдірген тұрғындар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес КПО мониторинг жүйесі туралы хабардар етілді.

Қарашығанақ кен орны аумағында, және кен орны айналасы санитарлық қорғау аймағы шекарасында 18 экологиялық мониторинг стансасы (ЭМС) жұмыс істейді, сондай-ақ екі мобильді ЭМС бар. КПО атмосфералық ауаны экологиялық мониторинг жүйесі бойынша толық ақпарат осы есептің «Қоршаған орта мониторингі» тарауында берілген.

Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру

2015 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Эконо¬мика Министрлігі КПО-ның өндірістік кешендерінің болашақ дамуын қолдау мақсатымен, мұнай-газ кон¬денсаты кен орнының санитарлық-қорғау аймағының шекарасын кеңіту туралы Оң шешім шығарды. 2015 ж. 28 шілде айында ҚР Үкіметі кеңейтілген санитарлық-қорғау аймағының шекарасы ішінде қалған Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру туралы Қаулы қабылдады. Көшіру үдерісі Өнімі бөлу туралы түпкілікті келісім.

Березов және Бестау ауылдарын іс жүзіндегі көшіру жобасы Қарашығанақ кен орнының жоспарлы дамуына байланысты 2017 жылдың аяғында сәтті аяқталды. Тұрғындардың көбі Ақсай қаласына және Ақсай қаласынан 5 шақырымға жуық жерде орналасқан, табиғаты жайлы Аралтал ықшам ауданына көшірілді, кейбіреулері өтемақы алды. Екі ауылды көшіру үдерісі Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі басшылығымен және КПО жақтан қаржылай қолдауымен өтті.

Көшіру екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде 2015 жылдың аяғында өз еркімен көшуге ниет білдірген әлеуметтік жағынан жағдайы төмен жанұялар көшірілді. Бірінші кезеңге іріктеу жүргізілген кезде мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысы (ҰОС) ардагерлеріне, 1, 2 категориялы мүгедектерге, ауру балалары бар жанұяларға және ҚР Үкіметі бекіткен тізімдегі созыл¬малы аурулардың қатты түріне шалдыққан адамдарға басымдық берілді. 2015 жылдың аяғында, Березов және Бестау ауылдарының 82 жанұясы Ақсай қаласындағы екі үлкен көп қабатты үйлерге көшірілді.
Көшіру жобасының екінші кезеңі 2017 жылы аяқталды. Осы кезеңде қалған тұрғындарға көшу нұсқалары арасында таңдау жасау құқығы беріліп, олар Аралтал ықшам ауданындағы жер телімдері бар үйлерге немесе Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшам ауданының пәтерлеріне көшірілді. Төмендегі сызбада тұрғындардың көшірудің екінші кезеңінде ұсынылған үш нұсқа арасындағы таңдаулары көрсетілген.

Тұрғындардың көшірудің екінші кезеңінде ұсынылған үш нұсқа арасындағы таңдаулары

Көшіру жобасы барысында тұрғындарға көшу туралы егжей-тегжейлі кеңес-ақпарат беріліп отырды. Үй иелері және қосымша иелері берілетін өтемақы мәселесін талқылау үшін жеке әңгі-мелерге шақыртылды.

Бөрлі әкімшілігінде тұрғындардың шағымдары мен арыздарын қарау комиссиясы құрылып, оның құрамына жергілікті билік органдары, Бөрлі ауданының маслихат депутаттары және КПО қызметкерлері енді. Бұл комиссия тұрғындардың көшу үдерісіне, соның ішінде үй-пәтерлердің бөлінуі тәртібіне және басқа да жеке мәселелерге қатысты шағымдарын қарастырды. Қойған сұрақтарына тұрғындар жазбаша жауап алды.

Көшіру жобасына қатысты арыз-шағымдарды қарастыру мақса-тындаКПО жергілікті халықтан түскен шағымдармен және ұсыныстармен жұмыс істеу процедурасын іске қосты. Бұл ақпарат 2015-2016 жылдары Березов пен Бестау ауыл тұрғындарымен өткізілген ашық есіктер күндері форматындағы бірнеше жиналыстарда кеңінен таратылды. Кеңес беру шараларының шеңберінде Бөрлі ауданы әкімшілігінің және КПО халықпен жұмыс жөніндегі тобының телефон нөмірлері мен басқа да байланысу бойынша ақпарат басылған парақтар да тұрғындарға үйлестірілді. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның Бөрлі ауданы әкімдігіне хат пен арыздарды тікелей жіберу мүмкіндігі болды. Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері көшірілетін қауыммен кездесіп, туындаған мәселелерді талқылауға әрдайым дайын болды.

Олардың белсенді қатысуы мен жеке көзқарастарын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы құрамына Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындары кірген тұрғындар комитеті құрылды. 2016-2017 жылдары тұрғындар комитеті мүшелері Ақсай мен Аралталдағы жаңа үйлер салынуын бақылау мақсатымен әр ай сайын құрылыс алаңдарын аралап жүрді. Тұрғындардың осындай әрбір сапары кезінде оларды құрылыс үдерісімен таныстыру және ой-пікірлерін білу үшін олармен КПО өкілдері де жүрді. Тұрғындар комитетінің мұндай пікірлері мен сұраныстарының кейбірі ескеріліп, тиісті шаралар қолға алынды. Мәселен, Аралталдағы әрбір үйдің ауласында шаруашылық қажеттіліктерге арналған техникалық су құдығы қазылды.

Көшірілген тұрғындарға ұсынылған әлеуметтік инфрақұрылым Ақсай қаласы Қарашығанақ-1 ықшам ауданындағы 320 орынға арналған жаңа бала бақша және Аралталдағы 300 балаға арналған жаңа мектепті қамтиды.