Тұрақты даму

Қоғамдық тыңдаулар

КПО компаниясы үнемі құрылыс жобалары және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қоғамдық талқылауға және мақұлдауға жібереді. Компания табиғатты қорғау іс-шаралар жобаларын, сондай-ақ тұрғындарға қандай да бір ықпал етуі мүмкін құрылыс жобаларын үнемі қоғамдық талқылауға және мақұлдауға ұсынады. Жаңа жобаларды жоспарлау және олардың құрылысы кезінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша жұртшылылықтың пікірін білу КПО үшін маңызды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы мен халықтың шешім қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдауларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық тыңдаулар кезінде КПО барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Халық ұсыныстары мен ескертулері Компаниямен ескеріліп, жобалық құжаттаманы одан әрі сапалы әзірлеуге ықпал етеді.

2020 жылы КПО компаниясы Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен 6 құрылыс жобасы бойынша ашық кездесулер түрінде 4 қоғамдық тыңдау және әртүрлі нысандарды құрудың 5 жобасы бойынша сауалнама түрінде 4 қоғамдық тыңдау өткізді. Аталмыш жобалар кәсіптік және технологиялық құбырларды, экологиялық мониторинг станцияларын, сондай-ақ қолданыстағы қондырғыларды, құрылыстарды және уақытша жұмыс алаңдарын қайта құру мен күрделі жөндеу жұмыстарын қамтыды.

Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқарушы органдардың, мүдделі басқарушы органдардың, БАҚ, КПО компаниясының және оның мердігерлік жобалау ұйымдарының өкілдері қатысады. Тыңдау барысында қатысушылар КПО жоспарлаған жобалар, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алады. КПО және жобалау ұйымдарының өкілдері барлық қойылған сұрақтар бойынша толық ақпарат береді.

Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат көпшілікке облыстық және аудандық газеттерде, сонымен қатар, Компанияның вебсайтында жариялау арқылы жеткізіледі. Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс немесе сауалнама түрінде өткізіледі. Коронавирус пандемиясына байланысты КПО жергілікті атқарушы органдармен халықтан кері байланыс алуды сауалнамалар толтыру арқылы жинауға келіседі, сауалнамалар КПО вебсайтының көпшілікке арналған құжаттар пакетінде орналастырылған.