Тұрақты даму

Қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру

Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу Экоорталықтың немесе қалдықтарды кәдеге жарату кешені нысандарында жүргізіледі.  Бұл нысан бұрғылау қалдықтары мен сұйықтықтардың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді, және Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық практиканың анық мысалы болып есептеледі.

Қалдықтарды қайта өңдеу қалдықтардың көлемін азайтуға және қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөліп алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Компанияда қолданылатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару бұрғылау кезінде пайда болған қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.  

КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғысын, сондай-ақ оларды қауіпсіз көмуге арналған полигонды қамтиды:

  1. Шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысы,
  2. Айналмалы пеш,
  3. Жалпы мақсаттағы пеш,
  4. Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы,
  5. Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы,

2019 Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:

Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау шламдарынан базалық май мен суды бөлу технологиясы көмегімен 2019 жылғы КПО-ның қалдықтарды орналастыру мөлшері бастапқы түзілген көлемнен 15 %-ға азайтылды.
2019 жылы 12 507 тонна қалдық өңделіп, 1 621 тонна базалық май мен су бөлініп алынды, және термомеханикалық өңдеуден өткен 9 375 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.
Бұрғылау және өндіріс қалдықтарын айналмалы пеште өңдеу және залалсыздандыру технологиясын қолдану нәтижесінде қалдықтардың мөлшері бастапқы түзілген көлемнен орташа есеппен 23 %-ға төмендетілді. 2019 жылы 9 672 тонна бұрғылау мен ндіріс қалдықтары өңделіп, термомеханикалық өңдеуден өткен 7 440 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.
Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шыққан қалдықтар мөлшері 91 %-ға азайтылды. 2019 жылы 883 тонна қалдық пеште жағылып, 84 тонна күл қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.
2019 жылы 6 373 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен ерітінділерді дайындау үшін 5 080 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды.
2019 жылы 1 419 тонна қатты тұрмыстық қалдықтың 882 тоннасы жалпы мақсаттағы пешке жағуға жіберілсе, қалдықтардың 164 тоннасы, оның ішінде макулатура, метал сынықтары, әйнек пен пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу мен қайта пайдалануға беру үшін сұрыпталған. Қатты тұрмыстық қалдықтың тек 89 тоннасы ҚТҚ полигондарында орналастыру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді. 2019 жылдың соңында уақытша сақтау орындарында қатты тұрмыстық қалдықтардың 70 тоннасы болған.
2019 жылдың аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 12 ұяшық жабылды.

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындау үшін қайта өңдеуге, сынаптан арылтуға, регенерацияға, термиялық өңдеуге, жағуға, физикалық және химиялық өңдеуге, сондай-ақ құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.

2011 жылдан 2019 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 540 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді. Компанияның барлық офистарында пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2019 жылы 67 кг батарейлер жиналды.

Полигонда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталатты қаптаманы, макулатураны, картонды, қағаз қалдықтарын, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабының күшіне енуіне байланысты Компания офис ретінде пайдаланатын ғимараттарда аталмыш қалдықтарды бөліп жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл қалдықтар қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберіледі.

Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін Экоорталықтың қатты қалдықтарды көму полигонына көшіру жұмыстарын жалғастыруда. 2019 жылы ескі алаңнан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстары жалғасты. Қалдықтарды полигонда орналастыру ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.  

2019 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 3 777 тонна жіберілген (2018 жылы 6 156 тонна).  2020 жылы қалдықтарды алаңнан алып, кейінгі қайта өңдеу жоспарланған.

2019 жылғы КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тоннамен

Қалдықтарды өңдеу тәсілдері

Түзілген қауіпті қалдықтар

Түзілген қауіпсіз қалдықтар

Коммуналдық қалдықтар

БАРЛЫҒЫ:

1

Кәсіпорында 2019 ж. басындағы түзілген қалдықтар мөлшері

321 255

2 073

0

323 328

2

Есептік жыл ішінде түзілген мөлшері

53 482

2 955

1 349

57 786

3

Кәсіпорында қайта пайдаланылған мөлшері

6 256

0

0

6 256

4

Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген мөлшері

26 081

95

9

31 610

5

Жалпы мақсаттағы пеште өртелген мөлшері

71

3

882

955

6

Кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру нысандарында орналастырылған және көмілген мөлшері

27 843

0

0

27 843

7

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген мөлшері

2 564

3 985

380

6 929

8

Кәсіпорында 2019 жыл аяғындағы мөлшері

339 835

946

0

340 781

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2019 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 26 196 тоннаны құрады (бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 75%-ы).

Төмендегі кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды қолдану әдістері бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей көму полигонында тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылады. Мұнай негізіндегі бұрғылау шламы алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.

2017-2019 жж. өңдеу тәсілі бойынша ұңғымалық операциялардан түзілген қалдықтар

Қалдық түрі

Түзілген көлемі, тоннамен

Өңдеу тәсілі

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

Су негізіндегі пайдаланылған бұрғылау ерітінділері

2 943

324

427

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

4 471

1 251

1 014

Орналастыру

2

Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы

2 554

546

925

Көму

— 

— 

182

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

3

Мұнай негізіндегі пайдаланылған бұрғылау ерітінділері

2 043

1 618

2 676

Шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысында (ШТӨҚ) және cұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

4

Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы

12 808

8 049

9 022

Мұнай негізі мен суды алумен ШТӨҚ-да қайта өңдеу және қатты бөлігін кейнгі көму

5

Пайдаланылған тұздықтар

3 546

6 309

4 866

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында қайта өңдеу

353

578

2 837

Орналастыру

6

Мұнайлы қалдықтар

0

7

0

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

7

Жарамсыз мұнай

2

0

0

Мамандандырылған мердігерлік ұйымға беру