Тұрақты даму

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

КПО сияқты өнеркәсіптік мекемелердің қызметі зиянды заттардың атмосфераға тасталуымен әрдайым байланысты болады. Уытты заттардың қоршаған ортада үлкен көлемде шоғырлануы экологиялық тепе-теңдіктің нашарлауына әкеледі. Компанияның бұл тұстағы мақсаты — өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту.

КПО атмосфераға тасталатын шығарындыларын қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясы рұқсатында белгіленген шектеулер негізінде басқарады. Шығарындылардың негізгі көлемі отын газының газтурбиналық қондырғыларында, қазандарда, технологиялық пештер мен компрессорларда, сондай-ақ газ бен сұйықтықтарды алауларда жағу барысында пайда болады.

2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылғы атмосфераға тасталатын шығарындылардың жалпы көлемі 2%-ға төмендеп, 7 597 мың тоннаны құрады. Шығарындылардың бұл азаюы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жабдықтардың аз уақыт жұмыс істеуіне негізделген. Төмендегі кестеде 2017-2019 жж. рұқсат етілген және нақты шығарындылар бойынша ақпарат.

Ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген және нақты көлемі, 2017-2019 жж.

Ластаушы заттар шығарындыларының жылдық көлемдері, тоннамен:

2017

2018

2019

ЛЗ эмиссияларына рұқсат бойынша:

26 538

19 986

18 544

Нақты, оның ішінде:

8 569

7 759

7 597

Азот оксиді

1 967

1 931

1 636

Күкірт диоксиді

3 641

3 138

3 281

Көмірқышқыл оксиді

1 266

1 249

1 205

Ұшпа органикалық қоспалар

1 533

1 315

1 329

Күкіртсутегі

27

3

3

Қатты бөлшектер

48

65

80

Басқалары

87

58

63

Ескерту: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП ауа» статистикалық есептер деректеріне сәйкес берілген.



2019 жылы өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы меншікті шығарындылар көлемі өндірілген мың тонна көмірсутектің (КС) 0,29 тоннасын құрады. 2018 жылмен салыстырғандағы 2019 жылғы шығарындылардың шағын ғана көбеюі күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты өндірістің толықтай тоқтатылғанымен байланысты.

2017-2019 жж. КСШ өндіру және ластаушы заттар шығарындыларының көлемі

Газды алау қондырғыларында жағу

2019 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,09%-ын немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққанда 0,56 тоннаны құрады. Жағу нәтижесіндегі шығарындылардың мұндай қарқыны, 2018 жылғы IOGP есебінде көрсетілгендей, әрбір мың тоннаға 10,5 тоннадан келген әлемдік орташа өнеркәсіптік көрсеткішпен және әрбір мың тоннаға 3,2 тоннадан келген орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғандағы өте жоғары өндірістік көрсеткіштердің белгісі болып табылады.

2019 жылы КПО жоғары қысым сорғылары мен сепараторларын, сондай-ақ ұңғымаларды тазалау (игеру) кезіндегі атмосфераға тасталатын шығарындыларды азайтуға көмектесетін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды қолдануды жалғастырды. Аталмыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану нәтижесінде ұңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 97%-на тең болатын сұйықтықтың 98 мың тоннасы жағылмады. Ұңғымаларды тазарту кезіндегі газды жағу көлемі 54 млн м3 (немесе үңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 76%-на тең) азайды. 2018 жылмен салыстырғандағы газды жағу көлемінің ұлғаюы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарымен байланысты.

Жағылған ілеспе газ көлемі, млн. м3

[1] Деректер көзі — Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жылдық есептері — «Қоршаған орта қызметінің көрсеткіштері — 2018».

Газды кәдеге жарату

2019 жылғы КПО-ның газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,91% (ал 2018 жылы — 99,94%) құрады. Бұл ретте, 2019 жылға Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органымен бекітілген мақсатты көрсеткіш 99,61% құрайды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы бойынша газды кәдеге жарату көрсеткіші 98,7%[2] құрады.

2019 жылғы газды кәдеге жарату және жағу

[2] Деректер көзі — «Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 571 бұйрығы