Тұрақты даму

Биотүрлілік

КПО өз өндірістік қызметтерін биотүрлілікке және экожүйелерге барынша аз әсерімен жүргізу міндеттемесіне сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ Компания қызмет жүргізіп жатқан аймақта биотүрлілікті зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге жауапкершілік алған.

Қарашығанақ мұнай-газ және конденсат кен орны (ҚМГКК) Қазақстанның солтүстік-батысында құрғақ дала аймағында орналасқан және 280 км2 астам аумақты алып жатыр. КПО өз қызметін шектеулі аумақта жүзеге асырады, өйткені жерді пайдалануға ресми рұқсат өндірістік нысандар, құбырлар мен кен орны жолдарының астында орналасқан алаңдарда ғана ресімделген. КПО нысандары айналасындағы жерлер басқа да бірқатар тараптардың меншігінде және басқаруында.

Қазіргі таңдағы ландшафт, биотүрлілік пен экожүйе аймақтағы бұрынғы және қазіргі жерді пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан. Оларға әлі де жергілікті және жаһандық деңгейде белгілі процестер мен қызметтер әсер етуде. ҚМГКК аумағында аң аулау мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған, бұл «ҚМГКК-дағы жоғары бақылау аймағы» ішкі Процедурасында көрсетілген.

Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары (БСШЖ) экожүйелердің бұзылуын және биотүрліліктің азайып кетуін ескерту шараларының бірі. Аталмыш жоспар қызмет қауіп-қатерлері мен қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалауға негізделген, және ESHIA 1.3.1.47 стандартында және IPIECA мен IOGP қауымдастықтарының «Мұнай-газ өнеркәсібі үшін биотүрлілікті сақтау шаралары бойынша нұсқаулықта» қарастырылған методикаға сәйкес әзірленеді.

Осы жоспарға сәйкес мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік қызметінің биоалуантүрлілік жағдайына және экожүйелік қызметтерге, оның ішінде жануарлардың көші-қон жолдарын сақтап қалуға әлеуетті әсерін ескеру қажет. Осы БСШЖ-на жануарлар дүниесінің мониторингі жөніндегі тармақ енгізілген, одан күтілетін экологиялық әсер жануарлар дүниесінің түр құрамындағы өзгерістерді байқаған жағдайда тиісті іс-әрекеттерді айқындау болып табылады.

БСШЖ бойынша жұмыс көлемін орындау шеңберінде 2019 жылы өсімдіктер қауымдастығының өзгеру динамикасын байқау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, алғаш рет топырақ және өсімдік жамылғысы жағдайындағы қандай да бір елеулі, өлшеуге келетін өзгерістердің барын анықтау мақсатында оның мониторингі жүргізілді. Бұл аймақтың биотүрлілігін сақтап қалу және Компания қызметін бейімдеу үшін жасалды.

2013 мен 2017 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде ҚМГКК аумағында өсімдіктердің негізгі түрлері мен бақылау аймақтары анықталып, өсімдіктер мониторингі жұмыстары жүргізілді. Топырақ мониторингі бұл аймақтарда алғаш рет жүргізілді.

2019 жылы бұрын анықталған 27 аймақтағы топырақ пен өсімдік мониторингі нәтижелері бойынша бұрынғы жылдармен салыстырып өсімдіктер анализі жасалды. Хлоридтер, нитраттар, сульфаттар, күкірт пен мұнай өнімдерінің мөлшерін тексеруге топырақ пен өсімдіктер сынамалары алынды.

Қарашығанақ кен орнының негізгі экожүйелері

ҚМГКК-ның негізгі экожүйелерін келесі үлкен үш топқа бөлуге болады: ауыл шаруашылық, су және далалық және жағалаулы. Ал кен орнының қалған бөлігін техногендікаймақтар алып жатыр: жолдар, өндірістік нысандар, инфрақұрылым.

Ауыл шаруашылық экожүйе

Ауыл шаруашылық және тыңайған жерлер ҚМГКК және іргелес аймақтардағы экожүйелердің үстем түрі. Оған дәнді дақылдар егілетін қарқынды өңделетін егіс пен тыңайған алқаптар жатады.

Тыңайған жерлер табиғи өсімдік жамылғысының арамшөптіден жусанды және дала қауымдастығына дейін қайта қалпына келуінің әртүрлі кезеңдерімен сипатталады. Табиғи дала жамылғысының қайта қалпына келу болжамды кезеңі шамамен 25-30 жыл.

Далалық экожүйе

Далалық жерлер — ҚМГКК аймағының табиғи қалпын сипаттайтын негізгі екі экожүйенің бірі (екіншісі — жағалық экожүйе). Қазіргі таңда дала экожүйелерінің таралымы әртекті, негізінде сайлар мен өзен аңғарларына, яғни жері жыртылмаған аймақтарға ыңғайластырылған.

Өсімдік қауымдастықтары флоралық жинаққа өте бай және көптеген жабайы жануарлар мекендейтін жер. Дала экожүйелерінде үнемі және уақытша мекендейтін орнитофаунаның едәуір әртүрлілігі байқалады.

Дала экожүйелерінің халықаралық деңгейде қысқаруына байланысты ҚМГКК аймағындағы тіпті кішігірім далалық жерлер табиғатты қорғауда маңызы зор.

Су және жағалық экожүйе

ҚМГКК аймағы Елек және Утва өзендері арасында ағып жатқан Березовка өзенінің алабында орналасқан.

Қоншыбай жырасы негізгі екі сала, оның ең ірісі — Калминовка суымен қамтамасыз етіледі.

Жағалық экожүйелер өсімдіктер мен жануарлардың, оның ішінде сирек кездесетін кең ауқымды түрлерінің мекенжайы болып табылады.

Өсімдіктер мониторингі

Зерттеу аумағында Қазақстан «Қызыл кітабына» және жойылып кету қаупi төнген түрлердiң тізбесіне енгізілген бес (5) түрі тіркелген, олар: Андржевский қалампыры (Dianthus andrzejowski), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii), Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Көктем жанаргүлі (Adonis vernalis), Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischeranum). Эндемикалық түрлерден Қысқабұршақ таспа (Astragalus brachylobus) кездеседі. Мониторинг алаңдарында өсетін сирек түрлерді есепке алудан басқа шілмұртті (Fritillaria ruthenica) есепке алу жүргізілді. Бұл суқорғау аймағында кездесетін сирек түр. 2019 жылы бұл өсімдік түрі Березовка өз. салаларының төрт аймағында тіркелген, жалпы саны алты (6) дана.

2010 жылғы алғашқы зерттеуден кейін қоршаған тіршілік ортасының қандай да бір елеулі өзгерісін болжайтын шілмұрттың популяциясына кен орнының әсер ету белгілері анықталмаған. Өсімдіктер санының жалпы артуы осы түрге ҚМГКК аумағында тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрмағанын болжауға болады.

Зерттеу жүргізілген әр учаскедегі жеке популяциялар жер бетінің бұзылуы сияқты апатты әсерлерге өте осал екенін атап өту керек, сондықтан оларды кен орнының осы бөлігінде жобаларды жоспарлау кезінде ескеру қажет.

Өсімдік жабыны мониторингі нәтижелері ҚМГКК өндірістік қызметі нәтижесінде өсімдікке әсер етудің негізгі теріс факторы физикалық әсер ету факторы екенін көрсетті, олар: мал жаю, ауылшаруашылық қызметі мен КПО қызметімен байланысты механикалық жұмыстар (ор қазу, құбыржол жүргізу, нысандар мен жолдар құрылысы және т.б.).

Қатты бұзылғандар кен орны инфрақұрылымы нысандары радиусында және жолдар шетінде кездеседі.

2019 жылғы топырақ пен өсімдіктер жамылғысы мониторингі деректері КПО өндірістік қызметімен байланысты ЛЗ атмосфераға шығарындысынан қандай да бір теріс әсерді анықтаған жоқ. Қарашығанақ кен орнындағы өсімдіктердің жай-күйін қанағаттанарлық деңгейде деп сипаттауға болады.

ҚМГКК аумағында тіркелген негізгі маңызды түрлер

ҚМГКК аумағында көптеген жануарлар мен өсімдіктер, соның ішінде Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО), Қазақстан Республикасының Қызыл кітаптарына енгізілген, сондай-ақ ҚМГКК сирек кездесетін түрлер таралған. Бұл аймақта жұмыстарды жоспарлау және орындау кезінде осы түрлердің бар-жоғын ескеру КПО үшін маңызды. Алайда аталмыш түрлердің бар-жоғы мен санын Компанияның экологиялық тиімділік көрсеткіші ретінде қарастыру орынсыз болар, себебі олардың популяциясы КПО қызметіне тікелей қатысы жоқ жергілікті немесе жаһандық себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Аталмыш түрлер санындағы кез келген өзгерістерді түрлер популяциясы даму қарқынының кең мағынасында қарастыру қажет. Өз кезегінде КПО өндірістік қызметтерін дербес түрлердің популяциясына тікелей не жанама әсерсіз ұйымдастыруға тырысады. 2011 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі мониторингі бойынша Қарашығанақ кен орнында КПО өндірістік қызметінің жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің таралу аймақтарына қандай да бір теріс әсері байқалған жоқ.

Түрлері

ХТҚО бойынша санаты

Қазақстанның қызыл кітабы

Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (ҚМГКК-да)

Тіркелген жылдары

Гүл өсімдіктері

1

Андржевский қалампыры

(Dlanthus andrzejowski)

 

КККII

 

2008,2010,2015,2016

2

Биберштейн қызғалдағы (Tullpa blebersteiniana)

 

КККIII

 

2007,2008,2010,2013,2015,2016

3

Ашық кестежусан (Pulsatllla patens)

 

КККII

 

2010,2015,2016

4

Шілмұрт

(Fritillarla ruthenica)

 

 

 

2010,2013,2015,2016

5

Шренк қызғалдағы (Tullpa shrenkii)

 

КККIII

 

2007,2008,2010,2013,2015,2016

6

Түкті жанаргүл (Adonis villosa)

 

КККII

 

2016

7

Көктем жанаргүлі (Adonis vernalls)

 

КККII

 

2016

8

Фишер құссүттігені

(Ornithogalum fischerlanum)

 

КККIII

 

2013,2016

9

Шатраш сепкілгүл (Fritillarla meleagris)

 

 

 

2016

Құстар

10

Ақбас тырна (Anthropoldes virgo)

 

КККV

 

1990,1991, 2003, 2004, 2005, 2006, 2010, 2015, 2016

11

Кәдімгі үкі

(Bubo bubo)

LC

КККII

 

1991

12

Қарақұс (Agulla hellaca)

VU

КККIII

 

2002, 2003, 2010

13

Кәдімгі көкқарға (Coraclas garrulous)

NT

 

 

2001, 2010

14

Дала күйкентайы (Falco naumann)

LC

 

 

2004

15

Безгелдек

(Tetrax tetrax)

NT

КККII

 

1990-1991, 2002, 2004, 2008, 2010, 2015

16

Сыбырлақ аққу

(Cygnus olor)

LC

 

 

2003, 2004, 2006, 2010, 2013, 2015, 2016

17

Балықшы тұйғын (Pandlon Hallaetus)

LC

КККI

 

1990

18

Дала құладыны (circus macrourus)

NT

 

 

2002, 2003, 2004, 2005

19

Бөктергі

(falco vespertinus)

NT

 

 

2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016

20

Дала қыраны

(agulla nipalensis)

LC

КККV

 

2002, 2006, 2010

21

Аққұйрықты субүркiт (Hallaeetus albicilla)

 

КККII

 

2004, 2008, 2010, 2015, 2016

Сүтқоректілер

22

Құндыз (castor fiber)

 

 

 

2003, 2005, 2006, 2010, 2012, 2015, 2016

Бауырымен жорғалаушылар

23

Дала сұр жыланы (Vipera ursini renardii)

VU

 

 

2001, 2002, 2003, 2008, 2010, 2016

Жәндіктер

24

Әмiршi инелiк (инелік)

 

ККК

 

2010

25

Қысқа қанатты Боливария дәуіті

 

ККК

 

2010

Кестеде келесі категориялар қолданылады:

  • NT Қатерлі жағдайға жақын түрлері — әдетте, түрлердің саны азайғандығы соншалық, жақын арада ХТҚО-ның жоғары қатерлі категориясына жатқызылатын түрлер. ХТҚО — Халықаралық табиғатты қорғау.
  • VU: Құрып кету қаупі төнген — жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары қаупі бар түрлері.
  • LC: Ең төмен қаупі бар — ХТҚО категориясы бойынша қауіпті жағдайда, құрып кету жағдайында немесе қатерлі жағдайға жақын түрлері ретінде бағаланбайды. Кең таралған және таксондар (бұл топтағы түрлер халықаралық сирек түрлер қатарына қосылмаған), осы категорияға енгізілген.
  • ҚҚК: Қазақстанның Қызыл кітабы — ұлттық сирек кездесетін түрлер тіркелген кітап, Римдік нөмірлермен сиректіктің категориялары белгіленген: Категория I — ең сирек кездесетін түрлері, және категория V — сиректігі төмен.

2011-2020 жылдардағы биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын орындау

2011 жылдан бастап КПО төмендегі кестеде ұсынылған БСШЖ сәйкес іс-шаралардың бірнеше кезеңдерін өткізді.

2011-2020 жылдардағы биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын орындау

Кезең

Жыл

Зерттеулер

1

Орындалды:

2011

2012-2013 жж. арналған биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын әзірлеу

2012

Жануарлар әлемі өкілдерінің сирек кездесетін түрлерін есепке алуды қоса алғанда, ҚМГКК аумағындағы фауна мониторингі

2013

Флора мониторингі

  • ҚМГКК ықпал ету аймағында әсер етудің төрт факторы бойынша, атап айтқанда қоршаған ортаға шығарындылар, физикалық әсер ету, су алу, жайылу;
  • экожүйелердегі өзгерістерді анықтау мақсатында үш кезең бойынша спутниктік суреттерді талдау;
  • ҚМГКК су объектілерінің жағалау экожүйелерін картаға түсіру – Березовка өзені, Қоншыбай жырасы
 

2

2014

2015-2016 жылдарға арналған КПО биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын әзірлеу

2015

Фауна мониторингі, соның ішінде:

  • атмосфераға тасталатын шығарындыларды және топырақтағы ластаушы заттарды картаға түсіру;
  • КПО өндірістік қызметінің әсерін есепке ала отырып, ҚМГКК аймағындағы жануарлар әлемінің түрлік әртүрлілігін (сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) зерттеу;
  • жануарлардың маңызды түрлерін, соның ішінде Қоншыбай жырасы мен Березовка өзенінің аумағында құндыздарды зерттеу;
  • жануарлар әлемі мониторингінің нәтижелері бойынша ҚМГКК аумағында мекендейтін түрлердің деректер базасын жаңарту.
 

2016

Флора мониторингі, соның ішінде:

  • атмосфералық ауаға шығарындыларға, физикалық әсерлерге, жайылымға, су жинау әсеріне қатысты өсімдіктер мониторингі;
  • Қоншыбай жырасы мен Березовка өзенінің аумағында өсетін орыс сепкілгүлдің сирек түрінің таралуына одан әрі мониторинг жүргізу
 

3

2017

IPIECA/IOGP жарияланған мұнай-газ секторы үшін биотүрлілікті сақтаудың іс-қимыл жоспарын әзірлеу нұсқаулығына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын әзірлеу

Жоспарлануда:

2018

 
  • Жануарлар әлемі жағдайы динамикасын бақылау мақсатында фауна мониторингін жалғастыру;
  • жануарлардың маңызды түрлерін, соның ішінде Қоншыбай жырасы мен Березовка өзенінің аумағында құндыздарды зерттеуді жалғастыру.

Алғашқы рет:

  • ҚМГКК аумағындағы су қоймаларында ихтиофаунаны зерттеу
 

2019

 
  • Сирек маңызды түрлерді есепке алумен қоса флора мониторингін жалғастыру;
  • Биотүрлілікті және аумақтың экожүйелерінің жалпы жай-күйін кешенді бағалау мақсатында жағалау өсімдіктерінің динамикасын бақылау
 

2020

Алғашқы рет:

  • ҚМГКК аумағында омыртқасыздардың түрлік әртүрлілігін зерттеу