Тұрақты даму

Энергияны оңтайлы пайдалану

КПО-ң энергетикалық саясаты

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі — төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру.

Біздің мақсатымыз — қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту және негізгі өндірістік және басқа да қосалқы процестерде энергия ресурстарын тиімді пайдалану. Энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды енгізу осы қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Энергетикалық менеджмент жүйесі

2019 жылы КПО-да ISO 50001:2011 «Энергоменеджмент жүйелері» талаптарына сәйкестікті бақылау аудиті өткізілді. Аудит нәтижелері бойынша КПО-ның осы стандарт талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалды. ISO 50001 сертификаты 2020 жылдың қыркүйегінде өткізілетін келесі сертификаттау аудитіне дейін жарамды.
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.

Энергияны тұтыну

2019 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну мөлшері 2018 жылғы 1 040 603 шартты отын тоннасымен салыстырғанда 1 021 957 шартты отын тоннаны құрады. Төмендегі кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.

2017-2019 жж. КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері

Энергия түрі

Өлшем бірлігі

Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері

Энергияны тұтыну, шартты отын тоннасы

Энергияны тұтыну, ГДж

2017

2018

2019

2017

2018

2019

2017

2018

2019

Отын газы

мың м3

850 765 841 943 826 806 1 048 142 1 037 274 1 018 625 30 721 053 30 402 505 29 855 886

Электр энергиясы (сатып алынған)

МВт/сағ

6 892 6 707 7 244 848 825 891 24 846 24 181 26 115

Дизель жанармайы

м3

772 839 739 911 1 058 932 26 696 30 997 27 468

Бензин

м3

287 245 226 316 271 249 9 274 7 934 7 301

Жылу (жалға алынған кеңселерде)

Гкал

7 468 8 219 8 731 1 068 1 175 1 249 31 301 34 449 36 595

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

1 051 285

1 040 603

1 021 946

30 813 170

30 500 065

29 953 365

2019 жылғы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, энергия ресурстарын тұтыну мөлшері 2018 жылмен салыстырғанда аз болды. 2019 жылы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,12 Гдж/тонна құрады, бұл IOGP (1,50) өз есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен.

Энергияны жұмсау динамикасы, 2017-2019 жж.

Энергияны сақтау шаралары

КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2019 келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • Өндірістік және қосалқы нысандарда шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2019 жылы шамдардың 4 785 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру бойынша шаралар арқасында қуат үнемдеудің есептелген көрсеткіші шамамен 383 680 кВт/сағ құрады.
  • Жанармай газын есепке алуды жақсарту, соның ішінде өлшеуіш құралдарын орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілді.