Тұрақты даму

Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары

Қоршаған ортаны қорғау саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (әрі қарай ҚОҚШЖ) әзірлейді.

ҚР Экологиялық кодекс ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алу үшін КПО рұқсат алу кезеңіне ҚОҚШЖ рұқсатты беруші органға ұсынады. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.

2019 жылы КПО өз өндірістік қызметтерін кестедегі берілген эмиссияларға рұқсатқа және әзірленген ҚОҚШЖ негізінде жүзеге асырды. Сәйкесінше 2019-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары берілген рұқсат қағаздар мерзімдері бойынша жоспарланды.

КПО-ның 2019-2020 жж. қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарлары және берілген рұқсаттары

2019 жылға келісілген ҚОҚ іс-шаралар жоспарлары

2019 жылға алынған рұқсаттар

Рұқсатты беретін орган

1

2019 жылғы ҚМГКК арналған КПО ҚОҚШЖ

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат.
27.12.2018 жылғы № KZ68VCZ00223819 (қолданылу мерзімі: 2019 жылғы 1 каңтар мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығы)

ҚР Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемесі

2

Қарашығанақ өңдеу кешені-Үлкен Шаған-Атырау (БҚО) экспорттық конденсат құбыр желісіне арналған КПО-ның 2016-2020 ж. ж. ҚОҚШЖ

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат.
12.08.2015 жылғы № KZ68VDD00021755 (қолдану мерзімі: 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығы)

БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

3

КПО-ның 2016-2020 жж. ҚОҚШЖ
(Атырау облысы)

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат.
07.08.2015 жылғы № KZ87VDD00021510 (қолдану мерзімі: 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығы)

Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

2019 жылғы ҚМГКК-да КПО-ның ҚОҚ шараларын жүзеге асыруға жұмсалған жалпы нақты шығыны 9,64 млрд теңгені құрады, яғни игерілген қаржының 66%-і және жоспарланған жұмыс көлемінің 109%-ы. 2019 жылғы ҚМГКК бойынша жоспарланған шығын көлемі — 14,53 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы жоспарланған және іс жүзіндегі шығындар көрсеткіштерінің айырмашылығы «Әуе бассейнін қорғау» бөлімшесі бойынша қаражаттың толықтай игерілмегенімен (59%) байланысты, алайда оның 120% жұмыс көлемі орындалды. Ұңғымалар жұмыстарын орындау барысында заманауи жабдықтарды пайдалану нәтижесінде Компания жоспарланған қаражатты аз игеріп, атмосфераға тасталатын ластаушы заттар (ЛЗ) көлемін күтілген 8 мың тоннадан 11 мың тоннаға азайтты.

2019 ж. ҚОҚШЖ іс-шараларын жүзеге асыру қорытындылары төмендегі кестеде көрсетілген.

АТМОСФЕРАҒА ТАСТАЛАТЫН ШЫҒАРЫНДЫЛАР

  • 11 ұңғыманы игеру кезінде жоғары қысым сепараторларын пайдалану атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың көлемін жоспарланған 6 770 тоннадан 7 986 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді;
  • 13 ұңғымада жоғары қысымды мұнай айдау сорғысын пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін күтілген 404,3 тоннадан 402 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.
  • Қабатқа әсер ету үшін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды (Lamix немесе Deisel) пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін күтілген 394 тоннадан 722 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.
     

    ТОПЫРАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

     
    • 2019 жылы ұңғыма операциялары мен құрылыс жұмыстарынан зақымдалған жердің 63,3 га қалпына келтірілді.
     

    ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ БАСҚАРУ

    • Қайта пайдалануға жарамсыз коммуналдық және өндірістік қалдықтардың 849,2 тоннасы сұрыпталып жалпы мақсаттағы пеште өртеуге жіберілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 13,3%-ға көп (736,5 тонна).
    • Қайта өңдеуге және қайталама шикізат ретінде қайта пайдалануға сұрыпталған және жіберілген көлем:
      • макулатураның 100,3 тоннасы, 2018 жылмен (95,6 тонна) салыстарғанда 4,6%-ға артық;
      • 10,8 тонна метал сынықтары, 2018 жылмен (8,5 тонна) салыстарғанда 21%-ға артық;
      • 30,4 тонна пластик, 2018 жылмен (25,2 тонна) салыстарғанда 17%-ға артық.
      • 7,5 тонна әйнек қалдықтары, 2018 жылмен (7,82 тонна) салыстарғанда 4,6%-ға кем;
    • 2019 жылы сұйық қалдықтарды өңдеудің жалпы көлемі 6 207,72 тоннаны құрады.
    • 2019 жылы жиналған қалдықтарды қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін сақтау алаңынан алып, Экоорталық айналмалы пешінде қайта өңдеу жұмыстары жалғасты. Жыл бойы 3 758 тонна қалдық қайта өңделді.
    • 2019 жылы техникалық қажеттіліктерге тазартылған ағынды сулардың 38 545 м3 қайта пайдаланылды, олардың негізгі көлемі бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін жұмсалды. Бұл көлем Қоншыбай жырасынан пайдаланған техникалық су көлемінің 8,9%-ын құрады.

    Осылайша Компания таза суды өндірістік қажеттіліктер үшін пайдалану көлемін азайтады.