Тұрақты даму

Сантиралық-қорғау аймағы

ҚМГКК аумағындағы жаңа санитарлық қорғау аймағы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

КПО 2018 жылдан бері ГКДҚ-2 нысанын жаңғырту және ескі СҚА аумағындағы жаңа ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Кен орнының болашақ даму нысандары КЕР-1А және КЕР-1 2020 жылдан кейін жүзеге асырылуға жоспарланған.

Жаңа санитарлық қорғау аймағының шекарасы шеңберінде болған Березов және Бестау ауылдарының тұрғындары 2015-2017 жылдар аралығында санитарлық-гигиеналық нормалар тұрғысынан қолайлы тұрғылықты мекендері бар Ақсай қаласына көшірілді.

Жаңа ҚМГКК-нің санитарлық қорғау аймағының шегі әртүрлі. Мәселен, оңтүстік-батыс бағытында 5 000 м дейін, ал оңтүстік- шығыс бағытында 9 440 м дейін өзгереді. СҚА картасы төмендегі суретте берілген.

ҚМГКК-ның 2019 жылдың аяғында СҚА көрсетілген карта-сызбасы

(үлкейту үшін суретке басыңыз)

2019 жылы КПО қолданыстағы экологиялық мониторинг станцияларын жаңа СҚА аумағына кезең-кезеңімен көшіруді жалғастырды. Жалпы, 11 экологиялық мониторинг станциясы көшірілуі тиіс болды. 2018 жылғы желтоқсан айында үш ЭМС (№ 10, 13, 14) көшіріліп, қосылды. Ал 2019 жылы тағы үш (№ 11, 16, 18 ) станциялар көшірілді. Барлық көшірілген станциялар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалған бес станциялардың көшірілуі 2020 жылы жүзеге асырылады. Бұл КПО-ның 2020 жылғы ҚМГКК үшін ҚОҚ іс-шаралар жоспарына енгізілген.

2019 жылы 2018-2026 жылдар аралығында ҚМГКК СҚА кейінгі дамыту жобасын орындау аясында КПО ҚМГКК және СҚА аймағында археологиялық зерттеулерді ұйымдастырды. Бұл зерттеулер Қазақстан қолданбалы экология агенттігі (ЖШС «КАПЭ») және арнайы бірлесіп орындаушы «Археологиялық экспедиция» ЖШС-ның қатысуымен жүргізілді.

Бұл жұмыстар тарихи-мәдениет мұра нысандарына (одан әрі ТММ) кері әсерді тигізбеу, сондай-ақ мұндай нысандарды анықтау, олардың орналасқан жерлері мен сипаттамаларын анықтау, оларды қорғау және/немесе зерттеу бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында атқарылды. Табылған ТММ нысандары болашақ жобалау, жер қазу және құрылыс жұмыстары кезінде есепке алынады.