Тұрақты даму

Су қорларын тұтыну және қайта пайдалану

Компания міндеті — су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.

2019 жылы Компанияның жалпы су тұтынуы 527 853 м3 құрады, оның 434 397 м3 — техникалық су, ал 93 456 м3 — ауыз су болып табылады.

2019 жылғы КПО-ның өндірістік қажеттіліктер үшін 2018 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық су тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылған су көлемі 2018 ж. көрсеткішке қарағанда аз болды.

2017-2019 жж. КПО-ның су тұтынуы

Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік мақсаттарға қажетті сумен қамтамасыз етуші негізгі көз Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы, ал шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін Жарсуат тоғаны болып табылады. Шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне сумен қамтамасыз ету көзі ретінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы (МАС) үшін Серебряков су тоғаны, ал Атырау терминалы МАС үшін Қиғаш су тоғаны пайдаланылады. Басқа су тоғандарынан суды пайдалану су жеткізушілермен жасасқан шарт негізінде жүргізіледі. Өндірістік мақсаттардағы суды пайдаланудың қолданылу мерзімі 22.09.2020 ж. дейінгі арнайы рұқсаттамасына сәйкес, жыл сайынғы су алу шегі 595 047 м3 құрайды.

Ауыз су компания нысандарының шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін ғана пайдаланылады. Үлкен Шаған мұнай айдау станциясында су «Қазводхоз» РМК БҚО филиалымен қамтамасыз етіліп, өрт резервуарларын толтыру үшін ғана қолданады.

Төмендегі кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.

2017-2019 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері, м3

Су көздері

Нысан

Су сапасы

Су тұтыну

2017

2018

2019

1

Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктерге)

Қарашығанақ кен орны

жер асты, ауыз су

89 034 92 888 91 851

2

Серебряков су тоғаны

Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы

жер асты, ауыз су

1 656 1 476 1 605
 

тұрмыстық қажеттіліктерге

    931 980 924
 

өндірістік қажеттіліктерге

    725 496 681

3

Қоншыбай жырасының су тоғаны (өндірістік қажеттіліктерге)

Қарашығанақ кен орны

жер үсті, техникалық су

445 591 417 232 431 616

4

Қиғаш су тоғаны

Атырау мұнай айдау станциясы

жер үсті, техникалық су

2 183 3 545 2 781
 

тұрмыстық қажеттіліктерге

    1 054 933 777
 

өндірістік қажеттіліктерге

    1 129 2 612 2 004

Тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану

Бұрғылау, бұрғылау ерітіндісін дайындау, екпе ағаштарын суару, құрылыс алаңдарындағы және жолдардың шаңын басу сияқты жұмыстарға және әрекеттерге арналған табиғи су алуды азайту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-жаңбырлық және нөсерлік сарқынды суларды пайдаланады. Cарқынды суларды Компания нысандарында қайта пайдалану 2018-2022 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2019 жылы Компания техникалық қажеттіліктерге тазартылған сарқынды сулардың 38 545 м3 қайта пайдаланып, олардың негізгі көлемін бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін жұмсады. 2019 жылы КПО-ның техникалық қажеттіліктеріне қайта пайдаланылған сарқынды су көлемі Коншыбай жырасынан алынған техникалық 8,9%-ын құрады. Төмендегі кестеде тазартылған сарқындарды қолдану арқылы жұмыс түрлері көрсетілген.

2017-2019 жж. тазартылған сарқындарды қайта пайдалану, м3

 

2017

2018

2019

Жалпы қайта пайдалану, соның ішінде:

50 476 18 241 38 545

Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға

32 130 8 825 30 117

Суару, гидросынау және өрт резервуарларын толтыруға

6 506 1 040 1 088

Шаң басуға

11 840 8 376 7 340

Тазартылған сарқынды суларды төгу

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік сарқынды сулар үшін КПО арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған сарқындарды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Cарқынды суларды төгу құрылыстары

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар және өндірістік сарқындар тазартылып, өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму әдісі — тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуынсыз сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды айдауға өте қолайлы болып табылатын жыр қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгейжиектерге көшуін болдырмайды. Сарқынды суларды және ластаушы заттарды төгудің көлемі ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес арнайы рұқсаттармен мөлшерленеді.

КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

Төмендегі кестеде сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша КПО-ның 2017-2019 жж. төгу көлемдері келтірілген.

Сарқынды су түрлері мен қабылдаушы нысандар бойынша 2017-2019 жж. жалпы төгінділер көлемі мен құрамындағы ластаушы заттар (ЛЗ), м3

Қабылдаушы нысан Сарқынды сулар санаты 2017 2018 2019
Төгінділер көлемі, м3 ЛЗ көлемі, тонна Төгінділер көлемі, м3 ЛЗ көлемі, тонна Төгінділер көлемі, м3 ЛЗ көлемі, тонна
Су жинақтауыш тоғандар Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар 63 935 40,94 68 752 38,8 68 763 35,72
Өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көму полигондары Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулар 582 400 32 891,2 663 706 42 239,72 628 819 39 645,09
Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі Еріген және жаңбырдың сарқынды сулары 2 862 0,92 2 694 1,51 3 546 2,05
Төгінділердің жалпы көлемі 649 197 32 933,06 735 152 42 280,03 701 128 39 682,86

2019 жылғы сарқынды су төгінділерінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға азайды. Соның ішінде, 2019 жылдағы өнеркәсіптік сарқындардың көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға төмендеді. Бұл өзгеріс нысандарды жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде тоқтатумен байланысты.

КПО өз нысандарында пайда болған және тазартылған сарқынды сулардағы ластаушы заттардың құрамына бақылау жасайды:

2019 ластаушы заттардың 39 682,86 тоннасы төгілді (2018 жылғы 42 280,03 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 6,1%-ға төмен). Оның ішінде 35 732,12 тонна РШТ нормативтері шегінде, ал 3 950,74 тонна — одан тыс төгілді.

Ластаушы заттардың нормативтерден тыс төгінділері жинақтауыш тоғандарға төгілетін тұрмыстық сарқындардағы аммонийлі азот, сульфаттар мен хлоридтер бойынша РШТ концентрациясының асып кетуімен, сонымен қатар өндірістік сарқындарды жерасты көмудің № 1 полигонына төгілетін сарқындар көлемінің өсуінен, олардағы қалқымалы заттар, мұнай өнімдері, күкіртті сутек, алюминий, мырыш, сульфаттар және хлоридтер бойынша жылдық РШТ нормативтерінен асып кетуімен байланысты. ҚР салық заңнамасы талаптарына сәйкес пайда болған нормативтік және одан артық ластаушы заттар төгінділері үшін Компания қажетті төлемдерді жасады.

Жалпы алғанда, сарқындар тереңде нық оқшауланған жерасты деңгейжиектерге айдалғандықтан, осы әрекет топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шаруашылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін колданылмайды.