Тұрақты даму

Қоршаған орта мониторингі

КПО компаниясы өндірістік қызметін атқарған кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аса көңіл бөледі. ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес, КПО өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтитын және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осындай бағдарламалардың негізгісі болып Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасы табылады. Бұл бағдарлама ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және келесі міндеттерді атқару мақсатында дайындалған:

  • кәсіпорындардың шығарындылары туралы және өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу;
  • қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерді барынша қысқарту;
  • күтпеген жағдайда шұғыл алдын-алу шараларын жүргізу;
  • кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы және халықтың денсаулығына төнетін қауіптер жөнінде мүдделі талаптарға (жергілікті халыққа, мемлекеттік бақылаушы органдарға, серіктес-компанияларға) хабарлау.

Аталмыш бағдарлама аясында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға – яғни шығарындыларды, ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыруға, сонымен қатар қоршаған орта компоненттерінің сапасына - атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларға, топыраққа бақылау жүргізіледі. 2019 жылы ӨЭБ үдерісі аясында 100 мыңнан астам сынамалар іріктеліп, 118 мың зертханалық талдамалар және 28 мың өлшеулер өткізілді.

Компания кеніштің аумағындағы, санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді-мекендердегі атмосфералық ауа сапасына айрықша мән береді.  
Ауа сапасын қадағалау аккредиттелген зертхананың сынамалар алуы және талдауы арқылы, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС) көмегімен жүргізіледі.

Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер немесе рұқсат етілген шекті шоғырлану (РШШ) талабы қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркеген шоғырлануын РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетеді. Атмосфералық ауадағы ластаушы заттың рұқсат етілген шекті шоғырлануы –қазіргі және болашақ ұрпаққа өмір бойы тікелей немесе жанама еш зиянды әсер етпейтін, адамның еңбекке деген қабілетін төмендетпейтін, оның хал-жағдайын және санитарлық-тұрмыстық өмір салтын нашарлатпайтын шоғырлану.

РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетеді. Атмосфералық ауадағы ластаушы заттың рұқсат етілген шекті шоғырлануы – қазіргі және болашақ ұрпаққа өмір бойы тікелей немесе жанама еш зиянды әсер етпейтін, адамның еңбекке деген қабілетін төмендетпейтін, оның хал-жағдайын және санитарлық-тұрмыстық өмір салтын нашарлатпайтын шоғырлану.

Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау

ЭМС арқылы үздіксіз ауаны бақылаумен қатар, аккредиттелген мердігерлік зертхана атмосфералық ауа сынамаларын ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 нүктеден (румб) іріктейді. СҚА шекарасында сынамалар бағыттық бекеттерде әр күн сайын келесі жиілікпен алынады:

  • С, Ш, О, Б сынама алу нүктелерінде — күніне 4 рет;
  • СШ, ОШ, ОБ, СБ — күніне 1 рет;

2019 жылы бағыттық бекеттерде атмосфералық ауаның 44 мың сынамасы зертханамен іріктелді және талдаудан өтті. Алынған сынамалар ЭМС станцияларымен өлшенетін құрамында бірдей компоненттердің: (H2S) күкірт сутегінің, (SO2) күкірт диоксидінің, (NO2) азот диоксидінің, (CO) көміртек оксидінің, метанның (СН4) және (СH3SH) метилмеркаптанның болуына талданады. Оған қоса, ауа сынамалары метан (СН4) және матилмеркаптанға (СH3SH) талданады.

2019 жылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы сегіз бақылау бағыттық бекеттерде атмосфералық ауада бақыланатын компоненттердің РШШ-нан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

2019 жылы СҚА шекарасының атмосфералық ауасында бақыланатын орташа жылдық шоғырлану төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы 8 нүкте бойынша бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

2019 жылы СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада бағыттық бекеттерде тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының жылдық орташа мәні

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

Бір мезгілдік РШШ м.б,[2] мг/м3

РШШ артуы

H2S

0,002

0,008

жоқ

SO2

МАШ мәнінен төмен* 0,003-ке дейін

0,5

жоқ

NO2

0,026-дан 0,027-ге дейін

0,2

жоқ

CO

МАШ мәнінен төмен*

5,0

жоқ

СН4

1,104-дан 1,110-ға дейін

50**

жоқ

СH3SH

МАШ мәнінен төмен*

0,006

жоқ

[1] Бағыттық бекет — тасымалданатын жабдықтың көмегі арқылы өткізілетін, тіркелген аймақтарда ауа сынамаларын бақылау кезінде үнемі іріктеу үшін арналған бекет.

[2] РШШ м.б. — Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін РШШ т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ м.б. қолданылады; сондай-ақ РШШ м.б. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі— 10 күнде 1 рет.

* тіркелген өлшеулер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен.
SO2 үшін МАШ - 0,003 мг/м3;
CO үшін МАШ — 0,6 мг/м3;

** әсер етудің белгіленген болжамдағы қауіпсіз деңгейі. Метан үшін РШШ орнатылмаған.

Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау

Кен орнының маңайында орналасқан алты елді мекенде: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Өспен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты бекеттері бар. Бұл бекеттерде қуәландырылған мердігерлік ұйым зертханасы күніне 4 рет сынама алады (мемлекеттік стандартқа сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында). Ауа сынамаларын алу мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2019 жылы 52 мың атмосфералық ауа сынамалары тұрақты бекеттерде іріктеліп талдаудан өтті.

Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан тестіленеді: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстардың (бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) құрамына мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.

Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады. Газ иісіне байланысты халықтың шағымдары түскен жағдайда тұрақты бекеттерде кезектен тыс сынамалар алынады.

2019 жылы (NO2) азот диоксидінің орташа шоғырлануы РШШ асқан жоқ. Сонымен қатар, Өспен ауылында 2019 жылдың 1 тоқсанында (01.01.2019) азот диоксидінің (NO2) 1,725 есе тәуліктік орташа шоғырлануының РШШ деңгейінен асуының 1 жағдайы тіркелді. Орташа тәуліктік шоғырлану РШШ-0,04 мг/м3 — де 0,051 мг/м3 құрады.

Бұдан басқа компоненттер бойынша РШШ деңгейінен арту жағдайлары тіркелмеді.

Жеті елді мекендердегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2019 жылғы орташа шоғырлануы төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

2019 жылғы Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауадағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

РШШт.о.[3], мг/м3

РШШт.о. артуы

H2S

0,002

0,008[5]

жоқ

SO2

0,003-тен 0,004-ке дейін

0,05

жоқ

NO2

0,025-тен 0,026-ға дейін

0,04

жоқ

CO

МАШ мәнінен төмен[4]

3,0

жоқ

С6Н6

0,151-ден 0,173-ке дейін

0,3[5]

жоқ

С7Н8

МАШ мәнінен төмен[4]

0,6[5]

жоқ

С8Н10

МАШ мәнінен төмен[4]

0,2[5]

жоқ

СH3SH

тіркелмеді

0,006[5]

жоқ

[3] РШШт.о. — елді мекендердің ауасында рұқсат етілген химиялық заттектердің тәуліктік орташа шекті шоғырлануы, мг/м3. Бұл шоғырлану анықталмаған уақыт бойы дем алу кезінде (жылдар бойы) адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі тиіс.

[4] Тіркелген деректер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей:
CO — 0,6 мг/м3; С7Н8 — 0,14 мг/м3; С8Н10 — 0,14 мг/м3

[5] РШШм.б. — Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін РШШт.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШм.б. қолданылады; сондай-ақ РШШм.б. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі— 10 күнде 1 рет.

Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу

ҚМГКК-де және СҚА периметрі бойынша орналасқан 18 автоматты экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС 001-018) қоршаған ортаны қорғау бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кен орнының жаңа санитарлық қорғау аймағының шекарасы орнатылуына байланысты, ЭМС-ды жаңа СҚА аумағына тасымалдау жобасы басталды. 2019 жылдың соңына қарай СҚА шекарасында тоғыз ЭМС орнатылды: 007, 008, 010, 011*, 013, 014, 016, 017 және 018. Қалған ЭМС — 005, 006, 009, 012 және 015 — 2020 жылы кезең-кезеңмен тасымалданады.

ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің 2019 жылғы орташа жылдық шоғырлануы төмендегі кестеде келтірілген. Бұл кестенің «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

Бақыланатын компоненттер шоғырлануының 2019 жылы ЭМС тіркеген орташа жылдық мәндері*

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

РШШ м.б.[6], мг/м3

РШШ м.б.** артуы

H2S

0-дан 0,001-ге дейін

0,008

жоқ

SO2

0,003-тен 0,005-ке дейін

0,5

жоқ

NO2

0,002-ден 0,007-ге дейін

0,2

жоқ

CO

0,2-дан 0,3-ке дейін

5,0

жоқ

* 011 ЭМС-тің мәліметтері кестеде келтірмеген, себебі оның тасымалдауы 2019 жылы 26 желтоқсанда аяқталды.

** СҚА шекарасында ауа сапасының өлшем шарты РШШ м.б. болып табылады.

[6] РШШ м.б. — елді мекендердің атмосфералық ауасындағы заттектің максималды бір мезгілдік рұқсат етілген шекті шоғырлануы [мг/м3]. Бұл шоғырлану 20-30 минут бойы тыныс алу кезінде адам ағзасында рефлекторлық реакцияны қоздырмауы тиіс (тыныс алудағы іркіліс, көздердің тітіркенуі, жоғарғы тыныс жолдары, т.б.).

Барлық ЭМС төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, өлшеу жүргізеді. Экологиялық мониторинг станцияларынан 2019 жылы алынған мәлімет бойынша нақты орташа тәулік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық бақыланатын компоненттердің шоғырлануы орташа тәулік РШШ деңгейінен аспады. Десек те, азғантай уақыт — 20 минут ішінде өлшенген РШШ максималды бір мезгілдік мөлшерінің артуы тіркелген. Бұл орайда, төмендегі кестеде келтірілген шоғырлану және КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында қандай да бір қатынас бар екені орнатылмағанын айта кеткен жөн. РШШ м.б. артуы тіркелген сәттегі КПО кен орнында орналасқан нысандары қызметінің метеопараметірлерді қоса алғандағы талдауы нәтижесінде барлық өндірістік нысандар әдеттегі тәртіпте жұмыс істегенін, алауда жағу болмағанын, жабдықтардың іркіліс орын алмағанын және апатты жағдайлар тіркелмегенін көрсетті.

2019 жылы РШШ м.б. мөлшерінің артуының ЭМС арқылы тіркелуі

ЭМС №. Бақыланатын компоненттер 2019 ж. тіркелген нақты бір мезгілдік шоғырлану, мг/м3 РШШ м.б., мг/м3 РШШ артуының жиілілігі* Арту саны
СЭМ-007 H2S 0,016 0,008 1,25 — 2,0 12
SO2 0,606 0,5 1,212 1
СЭМ-008 H2S 0,010 0,008 1,125 — 1,25 8
СЭМ-010 H2S 0,009 1,125 1
СЭМ-013 H2S 0,025 3,125 1
NO2 0,523 0,2 2,1 — 2,615 2
СЭМ-016 H2S 0,011 0,008 1,125 — 1,375 4

Ауа сапасын бақылау туралы барлық 18 автоматты ЭМС-нан алынған деректер Батыс Қазақстан облысының Қоршаған ортаны қорғау департаментіне «Экомонитор» порталы арқылы онлайн тәртібінде жіберіледі.