Тұрақты даму

Қызметкерлер және олардың дағдылары

Компанияның бизнес мақсаттарын табысты жүзеге асыру көбінесе сол компания қызметкерлерінің біліктілігі мен еңбек сапасына байланысты. Қызметкерлеріміз Қарашығанақ кен орнын игеру мен пайдалануда шешуші рөл атқарады.

ӨБТК талаптарына сәйкес, КПО жергілікті қызметкерлердің кәсіби дамуы мен оқудан өтуін қамтамасыз етуге міндетті. Компания қызметкерлерді дамытуда құрушы компаниялардың тәжірибесі мен білімін бөлісу, жергілікті және халықаралық оқу орындарын жұмылдыру арқылы қажетті кәсіптік оқытуды ұйымдастыру сияқты әдістерді қолданады.

2017-2019 жж. КПО қызметкерлер саны

Аймақтар бойынша КПО қызметкерлері, 2019 ж.