Тұрақты даму

Біліктілікті басқару жүйесі

КПО-ның біліктілікті басқару жүйесі қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Бұл жүйенің мақсаты — қауіпті өндіріс нысандарында жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің біліктілігін қажетті деңгейге көтеру және біліктіліктің жеткіліксіз деңгейіне байланысты өндірісте орын алатын жазатайым оқиғалардың санын барынша азайту мен олардың алдын алу. Бұл жүйе біліктілікті бағалау нәтижелерінің негізінде қызметкерлерді одан әрі оқыту құралдарын дайындауға мүмкіндік беріп, осылайша қаражаттың мақсатына сәйкес жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікті басқару жүйесінің саясаты бойынша КПО-ның нысандарында немесе жабдықтарымен жұмыс істейтін, келісімшарттың тәуекелі жоғары немесе орта деңгейдегі әрбір мердігер Компания өзінің біліктілікті басқару жүйесін әзірлеуге және іске қосуға тиіс. Мердігер компанияның қызметкерлері жұмысты қауіпсіз, техникалық тұрғыдан сауатты түрде, жауапкершілігіне сай орындауларына білімі мен дағдылары бар екенін көрсете алуы керек. Осы бағыттағы жұмысын КПО 2019 жылы бастады. Негізгі талаптар, енгізудің кезеңдері мердігер компаниялардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша КПО тексерістері кезінде айқындалады және белгіленеді.

КПО-ның біліктілік жүйесі OPITO аккредитациясынан 2013 жылы өтті. Жыл сайын OPITO ұйымының тексерушілері компанияның аталмыш жүйесін қадағалау тексерісін өткізеді. 2019 жылдың тамыз айында КПО біліктілікті басқару жүйесі аккредитациясының қолданылу мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

OPITO аккредитациясының шеңбері келесілерді қамтиды:

  • Кәсіби-бағытталған бес мамандық: өндіріс операторы, техник-электрик, бақылау-өлшеу құралдарының технигі, техник-механик және мастер. 2019 жылғы аккредитация шеңберіне (өндірістегі) топ жетекшісінің лауазымы қосылды.
  • Кен орнындағы алты өндіріс нысаны мен бөлімшесі — ҚӨК, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, техникалық қызмет көрсету бөлімі және ұңғымаларды пайдалану мен өндіру бөлімі. 2019 жылы аккредитация шеңберіне Экоорталық нысаны қосылды.

2019 жылы техникалық кәсіптің 790 қызметкері бастапқы бағалаудан өтіп, біліктілікті растау сертификаттарын алды. Нәтижесінде, КПО біліктілік стандартының талаптарына техникалық қызметкерлердің сәйкестігінің 87% көрсеткішіне қол жеткізді.