Тұрақты даму

КПО шәкіртақылық бағдарламалары және университеттермен серіктестік

Қызметкерлер Компания үшін ең маңызды құндылық болып табылады. КПО өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жас кадрларды жұмысқа тарту мақсатында университеттермен өзара әрекеттесу жұмыстарын жалғастыруда.

Шәкіртақылық бағдарламалар

Қазақстандық қызметкерлер мен олардың балаларына арналған шәкіртақылық бағдарлама қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және олардың қосымша кәсіби білім алуына елеулі ынталандыру құралы.

2019 жылы аталмыш бағдарлама аясында КПО-ның 19 қызметкеріне және олардың 39 баласына шәкіртақы ретінде 31 900 млн теңге (82 332 АҚШ доллары) бөлінді.

КПО шәкіртақылық бағдарламасына қатысу қарқыны, 2009-2019 жж.

КПО-ның Қазақстандық ЖОО-мен серіктестігі

КПО жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында қазақстандық ЖОО-мен өзара әрекеттестікті жалғастыруда. КПО компаниясында ЖОО-мен өзара әрекет тиісті шарттар негізінде cтуденттік практика бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

2019 жылы 24 мамандық бойынша 31 оқу орнынан келген 313 студент КПО-ның әртүрлі бөлімдерінде өндірістік және дипломалды практикасын өтті. 2013 және 2019 жылдар аралығында студенттік практикадан өткен студенттер арасынан 172 адам Компанияға жұмысқа алынды.

2017-2019 жж. КПО-да студенттік практикадан өткен студенттер саны

Бұдан басқа, Компания республикалық жастар практикасы бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады, осылайша Бөрлі ауданы тұрғындары болып табылатын кәсіптік оқыту орындары түлектеріне қолдау көрсетіп келеді. Аталмыш бағдарлама 2009 жылы басталғаннан бері 175 жас маман Компанияда жастар практикасынан өтті. 2019 жылы тағылымдамадан өткен 33 түлектің алтауы КПО компаниясына және төртеуі КПО мердігерлік ұйымдарына жұмысқа тұрды.