Тұрақты даму

Жергілікті қызметкерлерді дамыту

Компанияда қызметкерлерді кәсіби дамыту үздіксіз негізде жалғасып келеді. Қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін сақтау және одан әрі дамыту оқытудың және дамытудың жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

Компания жергілікті тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін және оларды оқытуға инвестиция бөлуді барынша арттыруға бағытталған кадрлардағы жергілікті қамтуды арттырудың 2015-2020 жж. арналған бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Осылайша, 2019 жылы шетел мамандары жасаған 20 лауазымға жергілікті қызметкерлер тағайындалып, 5 лауазым қысқартылды. 2019 жылдың желтоқсан айына қарай компания ұжымының 93%-н жергілікті қызметкерлер құрады.

Жалпы, 1999 – 2019 жж. аралығында 210 астам шетелдік қызметкерлер жергілікті мамандармен алмастырылған, ал шетел қызметкерлері жасаған 185 қызмет қысқартылған.

КПО кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру көрсеткіштері, қызметкерлер санаттары бойынша, 2017-2019 жж.

Санаты

Сипаттамасы

ҚР заңнамасының талаптары

2017 жыл бойынша кадрдағы жергілікті қамту көрсеткіштері

2018 жыл бойынша кадрдағы жергілікті қамту көрсеткіштері

2019 жыл бойынша кадрдағы жергілікті қамту көрсеткіштері

1+2

Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

74% кем емес

76%

77%

79%

3+4

Мамандар / білікті жұмысшылар

92% кем емес

95%

95%

96%

Компания барлық бөлімшелер бойынша қызметкерлерді дамыту және көтермелеу үшін әртүрлі әдістерді қолданып келеді. Әсіресе, талантты және әлеуеті жоғары жергілікті қызметкерлерді дамытуға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар кадрлардағы жергілікті қамтуды арттыру бағдарламасының мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігерлік ұйымдардағы жергілікті қамту статистикасын да жүргізеді. 2019 жылы 40 компания кадрдағы жергілікті қамту бойынша мәліметті тоқсандық, жарты жылдық және жылдық негізде ұсынды. Бұл ұйымдардағы жергілікті қамту үлесі бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері категориясында 78%-ды, ал мамандар / білікті жұмысшылар категориясында 92%-ды құрады.