Келісімшарт жоспары

КПО жергілікті өндірушілердің бәсекелесе алатын тауарлар мен қызметтерін шығару көлемін ұлғайтуға қолдау көрсету арқылы қазақстандық қамтуды дамытуға және өнеркәсіптің өндірмейтін салаларын дамытуға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында бұл бөлімде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жылдық, орта және ұзақ мерзімді жоспарларын ұсынады.

КПО-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жылдық, орта және ұзақ мерзімді жоспарлары компания техникалық бөлімдерінің келісімшарт жоспарларын біріктірді. Мұндай жоспарларды жасау КПО-ның болашақ бизнестік қажеттіліктеріне сай келетін келісімшарт беруді қажет мерзімде жасауға және келісімшарттарды жасау жоспарларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдаланушымен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жылдық жоспары тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатурасын және көлемін, сонымен қатар бір күнтізбелік жылға дейін олардың сатып алу мерзімдері мен әдістерін анықтайды;

Жер қойнауын пайдаланушымен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу орта мерзімді жоспары тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатурасын және көлемін, сонымен қатар үш жылға дейін олардың сатып алу мерзімдері мен әдістерін анықтайды;

Жер қойнауын пайдаланушымен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ұзақ мерзімді жоспары тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатурасын және көлемін, сонымен қатар он жылға немесе келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяғына дейін олардың сатып алу мерзімдері мен әдістерін анықтайды.