Жабдықтаушыны тіркеу процесі

КПО жабдықтаушыларының мәліметтер базасында өз компанияңызды тіркеу үшін келесілер қажет:

  1. Жабдықтаушыларды бағалау сауалнамасын (ЖБС) толтыру және қажетті құжат көшірмелерін қосу;
  2. Заңға сәйкестікті бағалау сауалнамасын (ЗСС) толтыру және қажетті құжат көшірмелерін қосу;
  3. Корпоративтік меншік және қойылған талаптарға сәйкестігі туралы куәліктің (КМСК) тиісті нұсқасын толтыру:
    • Резидент компанияларға арналған куәлік. Куәліктің бұл нұсқасы ҚР территориясында тіркелген  резидент компанияларымен толтырылады.
    • Резидент емес компанияларға арналған куәлік. Куәліктің бұл нұсқасы ҚР территориясынан тыс тіркелген резидент емес компанияларымен толтырылады.

      Ескерту: Егер резидент компаниясының құрушылар құрамында шетелдік заңды тұлға болса, бұл шетелдік заңды тұлғаға резидент емес компанияларға арналған куәлік нұсқасын толтыру қажет.

Сауалнама мен куәліктер ЖБС, ЗСС және КМСК құжаттарында көрсетілген толтыру бойынша нұсқауларға сәйкес толтырылуы қажет.

Егер тіркеу процесін өтуге ынтаңызды білдірсеңіз Жабдықтаушыларды бағалау және тіркеу үшін арналған құжаттар пакеті сілтемесіне өтіңіз, бұл пакет міндетті түрде толтыруға қажет құжаттарды (ЖБС, ЗСС және КМСК), сонымен қатар КПО тәртіп кодексі, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясат үлгісі,  ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша бағалау критерийлері және жемқорлыққа қарсы саясат үлгілерін (болмаған жағдайда енгізуге мүмкін болу үшін) қамтиды.

Бағалау және тіркеу үшін толтырылған құжаттар пакетін MIVQ@kpo.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет.

КПО сервері өлшемі 10 МБ-тан асатын қосымшалары бар хаттарды қабылдай алмайтынын есте сақтаңыз. 

Типтік келісім-шарт үлгілеріне қатысты сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз: 

Тел: +7 763 222 2530(ТМД)
+442088288530 (халықаралық)
Эл. пошта: setzha@kpo.kz

Біліктілікті алдын ала бағалау тәртібінен өткен және КПО-ның жабдықтаушылар дерекқорында тіркелген