Маусым 21, 2011
ҚазТАГ, 21.06.2011

КПО 2010 жыл бойынша орнықты даму есебін басып шығарды

Ақсай қаласы

Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. 2010 жыл бойынша орнықты даму есебін басып шығарды деп компанияның пресс-қызметі хабарлады.

 

“Берілген есеп КПО-ның 2010 жылдық қызмет нәтижелерін және компанияның өз алдына қойған орнықты дамуға негізделген берік ниеттерін орындап жатқанын қамтып көрсетеді”, - деп басылып шыққан құжат хабарлады.

Атап айтқанда, КПО-ның берген мәлімдемесі бойынша Қарашығанақтағы газды пайдаға асыру көрсеткіші 99,87%-ды құрайды.

“Осы көрсеткіш бойынша жалпы 15 триллион текше метр өндірілген газдан 0,02 триллион текше метр (0,13%) газ арнайы өндірістік және өңдеуші жандырғыш құрылыстарға жіберіліп немесе ұңғыларды тазарту процесі кезінде жандырылды. Осындай газ пайдалану дәрежесі бүкіл әлемдегі мұнай және газ өндіру саласында теңдесі жоқ жағдай болып келеді,” - деп басылған есепте айтылды.

2010 жылы жалпы пайдаға асырылған газ көлемі 99.87%-ды құрады, яғни барлық өндірілген газ 15 миллиард текше метрге (bcm) тең болса, соның тек қана 0,02 bcm (0.13%) кеніштегі өндіріс және өңдеу нысандарынан не ұңғыма тазалау жұмыстары кезінде жандырылды. Газды пайдаға асыруда бұл бүкіл әлемде мұнай және газ өндіру жұмыстарында орын алмаған жайт.

 

КПО-ның бас директоры Джузеппе Пази, “КПО-ның негізгі міндеті жобаның мүше компанияларға және Қазақстан Республикасына тұрақты табыс әкелуін қадағалау болып табылады. Сонымен бірге, ең негізгі компонент сол аймақта тұрақты дамытуға негізделген қолайлы жағдайлар жасау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық және әлеуметтік дамытуға үлкен үлес қосу екені де белгілі,” – деп айтты.

Есеп бойынша, 2010 жылдың 29-шы желтоқсанында компания атмосфераға шығарындыларды шығаруға 3-жылдық рұқсат алды. Осыған қоса, КПО өз қызметі ИСО 14001 үлгісіне лайықты екенін сертификатпен дәлелдеді. Компанияның берген мәлімдемесі бойынша, өткен жылы КПО 5 жаңа ұңғы бұрғылады және 14 әрекеттегі ұңғыларды жөндеді. Өткен жыл бойы 2-ші комплекстік газ өндіру саласында материалдар ауыстырылып, газ баспа компрессорлар іске қосылды. Қарашығанақ Өңдеу Кешенінде 4-ші көмірсутек өндіру тұрақты желінің құрылысы жылдам қарқынмен жүрді, соның есесіне оны мамыр айында 2011 жылы іске қосты.

Орнықты даму есебі бойынша, 2010 жылдың 29 желтоқсанында компания үш-жылдық Қоршаған ортаға шығарындылар тастау рұқсатын алды. Сонымен қатар, КПО-ның ISO 14001 стандартына сәйкестілігі қайта расталды. Компанияның берген мәлімдемесі бойынша, өткен жылы КПО жаңа 5 ұңғыма бұрғылады және14 ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізді. Осы жыл ішінде ГКДҚ-2 материалдарды алмастыру жобасы аяқталды және газды қайта айдау компрессорлар қалақтары алмастырылып, қайтадан іске қосылды. Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі (ҚӨК) 4-ші көмірсутектерді тұрақтандыру технологиялық желі құрылысы жылдам қарқынмен жалғасты және соның есесіне 2011 жылдың мамыр айында іске қосылды.

 

“Бұдан басқа, Қарашығанақ-Орал газ құбырының құрылысы аяқталып, келісім бойынша құбыр жергілікті басшылар органдарға 2011 жылы қолданылуға берілді”, - деп есепте айтылады.

2010 жылдың аяғында КПО-дағы барлық кәсіби мамандар мен әкімшілік қызметтің және техникалық лауазымдардың 91%-ы , басқару қызметінің 62%–ы қазақстандық мамандарға берілді. Оған қоса, КПО 283 қазақстандық компаниялармен $527 миллионнан астамға бағаланатын тауар, жұмыс және қызмет алуға негізделген келісім шарттарға қол қойды.

“Жергілікті әлеуметтік құрылымды дамытқан жетістіктері үшін, КПО Парыз атты ұлттық әлеуметтік-жауапты қызмет конкурсына қатысып, алтын марапатқа ие болды,” деп компанияның пресс-қызметі хабарлады.

 

Алдында айтылып өткендей , 2010 жылы КПО-ның шығарған өнімі 133,7 миллион баррель конденсат түрінде мұнай эквивалентіне тең болды. Осыған қоса, 6,437 миллион куб тазартылмаған және құрғатылған газ жер қабатына қайтарылып енгізіледі және бұл газдың көлемі бүкіл өндірілген газдың 43%-не тең. 133,7 миллион баррель мұнай эквивалентіндегі өнімді өндіріп шығарды. Осыған қоса, 6,437 миллион текше фут тазартылмаған әрі құрғатылған газ жер қабатына қайта айдалды. Бұл көлем шамамен Қарашығанақта өндірілген бүкіл газдың 43%-на тең.

Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. дүние жүзіндегі Қарашығанақ атты ең үлкен мұнай және конденсат кен орындарының бірін өндіреді. Қарашығанақ кен орны Қазақстанның оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Оның көлемі 280 шаршы километр болып табылады және оның қоры 1,2 миллиард тоннадан астам мұнай және конденсат, және 1,35 триллионнан астам текше метр газға бағаланды.

Қарашығанақ кені әлемдегі ең ірі мұнай газ және конденсат кен орындарының бірі болып табылады. Кен орны Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Мұнда 1,2 миллиард тоннадан астам мұнай және конденсат және 1,35 триллионнан астам текше метр газ қоры бар.

1997 жылы қол қойылған 40-жылғы Өнімді бөлі туралы түпкілікті келісім бойынша консорциум мүшелері БиДжи Групп (BG) және Эни - 32,5% , Шеврон - 20% және Лукойл - 15% үлеске ие болды.