Желтоқсан 24, 2009
Әкелер жерінен марапаттау «Экспресс К» (Алматы), № 239, (16870)

Татьяна Аладьина
 Қазақстанның «Союз «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы жеке бизнестің өркендеуі мен оны қолдауға қосқан үлесі үшін жоғары награда тағайындады   «Атамекен» құрметті медалі салтанатты жағдайда «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына табыс етілді.
 Бұл лайықты награда КПО компаниясы қызметінің мойындалуының алғашқы дәлелі емес. Желтоқсан айының басында Астана қаласында өткен «Парыз 2009» Бизнестің әлеуметтік жауакершілігі бойынша қорытындылау рәсімінде КПО «Үздік ұжымдық келісім-шарт» аталымы бойынша қола награда алған болатын. Және бұған таң қалуға да болмайды. Компанияның басшылығы өз қызметкерлерінің  жеке жағдайлары мен  еңбек жағдайларын жақсартуға көп көңіл бөледі. Экономикалық дағдарысқа қарамастан мамандар айлық жалақыларын уақтылы алады, оларға тегін дәрігерлік көмек көрсетіледі, денсаулықтарын санаторилерде түзей алады. Ақсай қаласында қызметкерлерді оқыту орталығы жұмыс жасайды. Онда жыл сайын КПО-ның қаржысына мыңдаған қазақстандық оқып, кәсіби білімін жетілдіріп отырады. Кәсіпорында тәлімгерлік бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның шеңберінде шетелдік және отандық мамандар арасында тәжірибе мен білім алмасу жүргізіледі.


Ұйымшыл ұжым үшін

Байқау төралқасы КПО-ның ұжымдық келісім-шартына жоғары баға берді: онда мамандығы мен еңбек өтіліне қарамастан 30 күндік ақылы еңбек демалысы кепілдік етіледі, тұрғылықты мекен- жайынан жұмыс орнына дейін және кері қарай қатынауға тегін көлікпен қамту, жұмыс орнында тегін тамақтандыру, медициналық сақтандыру, сырттай оқу факультеттерінің студенттері үшін ақылы демалыс және басқа да қызметкерлер үшін үлкен артықшылық беретін әлеуметтік жеңілдіктер.
  Мамандарды ұлттық кадрлар есебінен толықтырудың он жылдық бағдарламасы КПО-ның мақтанышы болып табылады. Бұл маңызды жоба өз-өзін тамаша ақтап отыр. Бүгінде компанияның жергілікті қызметкерлері барлық басқармалық позициялардың 55 пайызын, орта мен төменгі бөлімдерді басқару қызметтері және техникалық мамандар 88 пайызды құрайды.КПО қол жетке табысқа масаттанып, тоқтамақ емес.  2018 жылға дейін қазақстандық менеджерлер санын едәуір көбейтіп, отандық басшылар санын  95 пайызға дейін жеткізу жоспарланып  отыр.
«Біздің жұмысымыздың аталғанын және еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің марапаттағанын мақтан етеміз, бұл дегеніңіз біздің Қазақстан республикасы үкіметімен әріптестігімізді растайды. Біздің мақсатымыз -  бүкіл еліміз үшін Қарашығанақтың табиғи ресурстарын игерудің тұрақты әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарымен  қамтамасыз ету болып табылады»,- деп атап көрсетті КПО-ның бас директоры  Джузеппе Пази марапаттау кезінде. «–біз ең талантты мамандар өз жұмыс орны ретінде таңдап алатын компания болуға тырысамыз. Өз қызметкерлерімізге біз әділетті қараймыз, кәсіби дамуына көмектесеміз, қызметте өсуіне ықпал етеміз және олардың қажеттіліктеріне көңіл аударып отырамыз».


Экологиялық қалқан

 «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы  өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды жақсартудың арқасында қазақстан экономикасының тұрақты өркендеуіне үлес қосуды жүзеге асырып келеді. КПО көптеген экологиялық жобаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жасап отыр. Өндірістік нысандарда халықаралық талаптар мен стандарттардың талабына сай тазалауыш құрылғылар орнатылған. КПО жолайғы газды жоюды 99,6 пайызға жеткізді. Ал бұл дегеніңіз бүкіл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі болып табылады.
Экономикалық өркендеу бағытындағы табыс пен екі жақты пайдалы халықаралық ынтымақтастық ескерілмей қалған жоқ. Жыл сайын лайықты компанияларды таңдаушы «Союз «Атамекен» Ұлттық экономикалық палата КПО компаниясына орынды тоқтады. «Атамекен» құрметті наградасы еліміздің игілігі жолындағы адал еңбегі үшін  берілді. Осы кезекті награда бизнесті әрі қарай дамытуға тамаша стимул болып, келесі жылы КПО қазақстандықтарды жоғары өндірістік көрсеткіштерімен тағы да қуантады деп сенгіміз келеді.