Желтоқсан 20, 2009
Премьер – министр Қарашығанақ-Орал газ желісін ашты-Каз ТАГ

Орал. Қарашаның 19. Каз ТАГ- Премьер – министр  «Қарашығанақ-Орал» газ желісінің БҚО Федоровка поселкесінде өткен  «Қарашығанақ-Орал» газ желісі құрылысының салтанатты  ашылуына қатысты –деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Тұрғындарды құттықтаған премьер өз сөзінде былай деп атап көрсетті: «Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына келген сапарындағы тапсырмасы табысты орындалды». «Жақын арада облыстың тағы да жүз мың тұрғыны  осы көгілдір отынның  көмегімен өз  үйлерін жылытатын болады» деді К. Мәсімов сенбіде жергілікті тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде.

«Құрылысшылар мемлекет басшысы тапсырмасының маңыздылығын сезінеді. Олар осынау  маңызды әлеуметтік жобаны табысты жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды»  - құрылысшылар атынан сөз сөйлеген «НГСК «Казстройсервис»  АҚ  директоры Талғат Оқасов осылай деді.
Елді мекендерді газдандыру өндіріс пен  шағын кәсіпкерлік субьектілерінің  дамуына , бюджетке салық түсімдерінің молаюына игі ықпал етеді деп сендіруде облыс басшылығы. 2009 жывлдың 15 желтоқсанынан бастап табиғи газбен қамту жүйесіне БҚО Теректі ауданының 15 мыңнан астам тұрғыны бар 10 елді мекені қосылуды бастады.

2010 жылдың шілдесінде Жымпиты поселкесіне дейінгі газ құбыры пайдалануға берілуі тиіс. Ал бұл газ құбыры БҚО Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарының 90 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарашығанақ  газ конденсатты кен орнынан басталған 150 км.диаметрі 20 дюймдық  газ желісі маршруты Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандарынан өтеді. Қарашығанақ-Орал газ желісінің жобасы облыс тұтынушыларына тазартылған табиғи газ көлемін  Қарашығанақ кен орнындағы газды қайта өңдеу қондырғысын кеңейткеннен соң  жыл сайын 120 млн. кубометрден 500 млн. кубометрге  көбейтуді қарастырады. Газ желісінің негігі трассасының ұзындығы -147 км. Оның құны $261 млн. бағаланған.
 
Осы аймақтағы бір күндік жұмыс сапары кезінде Кәрім Мәсімов өсімдік майын өндіретін жаңа зауытқа барып, жергілікті машина құрастыру компаниясының ұжымымен кездесіп, жаңа балалар бақшасының ашылуына қатысып, экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік  комиссияның отырысын өткізді.
Премьер – Министрдің қасында мәжіліс депутаттары Кенжеғали Сағадиев пен Мейрам Пішенбаев, индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев, экономика және бюджеттік  жоспарлау министрі  Бақыт Сұлтанов, қаржы министрі Болат Жәмішев, сонымен бірге БҚО әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов  бірге болды.