Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы KASE жылдық есептер байқауында «2023 жылдың тұрақты даму туралы үздік есебі» номинациясының жеңімпазы атанды. KASE жылдық есептер байқауын 2022 жылдан бастап өткізіп келеді. Жылдық есептерді бағалауды KASE қызметкерлері, сондай-ақ жылдық есептерді бағалау мен әзірлеу саласындағы қазақстандық сарапшылар жүргізді.
КПО сонымен қатар PwC Қазақстан компаниясы жүргізген 2023 жылдық есептер қорытындысы бойынша ESG-ақпаратты ашу жөніндегі 50 үздік компания рейтингісінің бесінші басылымында көшбасшылар ондығына енді. КПО «ESG-ақпаратты ашудың үздік тәжірибесі» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Рейтингке Қазақстанда жұмыс істейтін 98 компания кірді.
2009 жылы компания өзінің алғашқы Тұрақты даму туралы есебін шығарғаннан бері, КПО ақпаратты ашу сапасы бойынша Қазақстандағы жетекші компаниялардың қатарында орнын берік ұстап келеді. КПО үшін есеп стратегиялық коммуникацияның негізгі құралына айналды, бұл тек компанияның қызметіндегі басты аспектілерді жариялап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік-экономикалық даму және корпоративтік басқару басымдықтарына негізделген тұрақты дамуға деген ұстанымын ілгерілету алаңы ретінде де маңызды.
Тұрақты даму туралы есептер инвесторлар мен мүдделі тараптар үшін компанияның толық құнын бағалауда тиімді құралға айналғалы көп болды. Сапасы жоғары есеп және ақпараттың ашықтығы ұйымдардың өз акционерлеріне қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада табыс әкелуді жалғастыра отырып, өз қызметінен туындаған жағымсыз әсердің алдын алу, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік салалардағы қауіп-қатерлерді басқару бойынша дайындығын қоғамға көрсетуге мүмкіндік береді.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.




