Батыс Қазақстан облысы, АҚСАЙ, 2025 жылдың 27 наурызы — Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Өкілетті органның жобалық тобының басшысы Тналиев Мирболатпен бірге Қарашығанақ кен орнында сапармен болды. Сапар аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.
Сапардың мақсаты делегацияны КПО-ның өндірістік қызметімен және Қарашығанақтағы негізгі өндірістік нысандарымен таныстыру болды. Сапар барысында делегация бірнеше өндірістік нысандарды аралап, қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан кен орынды игеру жобаларымен, соның ішінде ҚКЖ-1Б жобасының барысымен танысты.
КПО бас директоры Марсили Марко компанияның қызметі туралы ойларымен бөлісіп, оң өндірістік көрсеткіштер мен Қарашығанақ кен орнын дамытудың болашақтағы мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде жергілікті қамтуды дамыту бастамалары да сөз болды. КПО бас директорының орынбасары Манкеев Мухтар қазақстандық өндірушілерді қолдауға және жергілікті жеткізушілердің компания жобаларына қатысуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоспарлы бағдарламалар туралы ақпарат берді. Отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту шаралары, оның ішінде бекітілген жергілікті қамтуды дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сапар соңында қонақтар компания қызметіне ұсынылған шолу үшін ризашылықтарын білдіріп, КПО ұжымына алдағы уақытта жұмыста табыс тіледі.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.