2025 жылғы 4 сәуір, Орал қ. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысының (БҚО) әкімдігімен бірлесіп Қарашығанақ жобасы шеңберінде қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселелері мен 2025 жылға арналған жергілікті қамтуды дамыту жоспарлары бойынша жұмыс жиналысын өткізді.
Жиналыстың мақсаты жергілікті кәсіпорындардың тауарларды жергіліктендіру бойынша мүмкіндіктер туралы ақпарат беруі және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастыру болды. Сондай-ақ жергілікті кәсіпорындар өнімдерінің бөлек көрмесі ұйымдастырылды.
КПО басшылығының шақыруымен шараға Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС өкілетті органның өкілдері, сондай-ақ IMB мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың басшылығы қатысты. Бұл Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды дамытуға қатысты маңызды мәселелерді және машина жасау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегін талқылауға мүмкіндік туғызды.
Жұмыс жиналысының қорытындысы бойынша КПО «УральскАгроремМаш» АҚ-мен арнайы техника жеткізу туралы келісімшартқа және «West Oil» ЖШС-мен мұнай мөлшерінің өлшемдері мен сапасы көрсеткіштерінің кешенді жүйесін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Жергілікті тауар өндірушілердің өндірістік мүмкіндіктерімен танысу мақсатында бас директор Марко Марсили бастаған КПО делегациясы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына, оның ішінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «West Oil» ЖШС, «УральскАгроремМаш» АҚ мен «КаспиМұнайКапитал» ЖШС-не барды.
Кездесулер қорытындысы бойынша КПО бас директоры Марко Марсили қазақстандық кәсіпорындардың жоғары әлеуетін және консорциум жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша бұл Қарашығанақтағы ірі жобаларды сәтті жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды. Сонымен бірге жергілікті қамтуды дамыту бағытында үздіксіз қолдауы үшін БҚО әкімдігіне алғысын білдіріп, кәсіпкерлерге табыс тіледі.
КПО отандық кәсіпорындарды ірі мұнай-газ жобаларына жұмылдыруға жәрдемдесіп, олармен құрған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келеді.
Биыл өңіраралық ынтымақтастық бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр, осылайша 2025 жылғы 1 наурызда КПО бас директоры Марко Марсили мен бас директордың орынбасары Мұхтар Манкеев бастаған компания делегациясы жұмыс сапарымен еліміздің маңызды өнеркәсіптік орталықтарының бірі, айтарлықтай материалдық және шикізаттық әлеуеті бар Қарағанды облысына барды. 2025 жылы КПО өңіраралық ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының кемінде тағы 4 өңіріне баруды жоспарлап отыр.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.