ҚазРусEng
КПО Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады

2025 жылғы 11 сәуір, Орал қ. - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар мәдениет сарайы» МКҚК ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.

 

Объектіде кешенді күрделі жөндеу, оның ішінде ғимараттың барлық тозған және зақымданған бөліктерін ауыстыру жұмыстары жүрді. Сондай-ақ концерт залындағы сахна құрылымы, әрлеу материалдары, шатыр құрылымы, инженерлік жүйелер, қоршау құрылымының оқшаулау материалдары, терезелер, витраждар, есіктер, сыртқы және ішкі қоршаулар, концерт залының орындықтары, сахна механизмі ауыстырылды. Жастар мәдениет сарайының ауласында да абаттандыру жұмыстары жүргізілді: тас төсемдер жаңартылып, теректер отырғызылды, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңы ұйымдастырылды.

 

Аталмыш мәдениет объектісінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған Батыс Қазақстан облысы әкімдігі басшылығы, КПО және мердігер ұйым өкілдері қатысты.

 

Мұндай жобаны іске асыру КПО-ның жергілікті қауымдастықты дамыту мен әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруге жәрдемдесу бойынша міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді. Мәдениет саласына жасаған инвестиция тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мәдениет және технология саласындағы түрлі бағыттарды дамыту, инновациялық жобалар мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Жастар мәдениет сарайында «ÓzgeEpic Oral» шығармашылық индустриялық хабы құрылды.

 

Соңғы ширек ғасырда Батыс Қазақстан облысында КПО қаржысы есебінен жүздеген шақырым жаңа жол төселді, ондаған мектептер, ауруханалар, спорт және мәдениет объектілері салынып, күрделі жөндеуден өтті, бұл жер қойнауын пайдаланушының өңір тұрғындары мен жалпы қоғам алдындағы ұзақ мерзімді әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі.

 

 

 

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі

 

 

 

БАҚ редакторларына арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.