ҚазРусEng
КПО компаниясы «Таза Қазақстан» көрмесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерін көрсетті

Астана, Қазақстан Республикасы, 2025 жылғы 21 сәуір – Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы бүкіл ел бойынша тұрақтылық пен жауапты экологиялық көшбасшылықты насихаттайтын бастама болып табылатын «Таза Қазақстан» ұлттық іс-шарасына қатысты. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Экология және Табиғи Ресурстар Министрлігінің, Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің өкілдері және басқа да жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

 

Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындары арасында өткізілген көрмесінде, КПО компаниясы, экологиялық жауапкершілік жай ғана мақсат емес, компания жұмысының негізгі қағидасы екенін көрсетті. Компания павильонында метан шығарындыларын азайту, биоәртүрлілікті қорғау, қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны бақылаудың озық технологиялары сияқты салалардағы соңғы жылдары компанияның қол жеткізген тамаша жетістіктері көрсетілді.

 

Мемлекет басшысына КПО-ның негізгі жетістіктері мен қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша жүзеге асырылған бастамалары таныстырылды. Мемлекет Басшысының назарына КПО-ның «Көгалдандыру жобасы» ұсынылды. Қазірдің өзінде осы жобаның шеңберінде 1,5 миллион ағаш отырғызылған болатын, оған қоса кен орны мен санитариялық-қорғау аймағында қосымша 350 000 ағаш отырғызу жоспарлануда; сонымен қатар, Мемлекет басшысына КПО қызметкерлерінің «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы, КПО Экоорталығының жұмысы мен артықшылықтары туралы баяндалды. Жалпы алғанда, КПО компаниясы қоршаған ортаны қорғауға шамамен 450 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салды.

 

КПО бас директоры Марко Марсилидің айтуынша: «КПО компаниясы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының дамуына және елдің тұрақты болашағына өз үлесін қосқанын және қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мәселелерін басқару саласындағы сала көшбасшыларының бірі болғанын мақтан тұтады». КПО-ның көрмеге қатысуы компанияның бизнесті жауапты басқару принциптеріне және тұтастай алғанда, мемлекеттің экология және көміртексіздендіру саласындағы стратегиясына адалдығын тағы бір мәрте баса көрсетті.

 

 

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі