ҚазРусEng
КПО көктемгі сенбілікке қатысу дәстүрін жалғастырады

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 24 сәуір 2025 ж. – КПО компаниясы Ақсай қаласында өткен көктемгі сенбілікке қатысты. Компания жұмыскерлері білек сыбанып, қаланы абаттандыруға және қоршаған ортаны тазалауға үлес қосты.

 

Биылғы сенбілікте КПО жұмыскерлері Железнодорожная көшесі бойының Наурыз көшесінен бастап Халықтар достығы көшесіне дейінгі аралығын қос бағытта тазалады. Айналадағы тұрмыстық қоқыстар, қураған шөп, күзгі жапырақ тазаланып, ағаштардың бұталарын санитарлық кесу жұмыстары орындалды. Сенбілік нәтижесінде 5 тоннаға жуық қалдық жиналып, тасып шығарылды. Іс-шараға компанияның 70-ке жуық жұмыскері қатысты.

 

Сенбілікке қатысу арқылы  КПО экологиялық құндылықтарға, жергілікті қауымдастық алдындағы жауапкершілікке және қоршаған ортаға деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бейілді екенін тағы бір дүркін дәлелдеді.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі