Астана, Қазақстан Республикасы, 2025 жылғы 14 мамыр – Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) еліміздегі жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның түрлі аймақтарына сапарларын жалғастыруда. КПО делегациясының кезекті сапары Астана қаласында өтіп, онда компания өкілдері «Завод ВМП Астана» ЖШС, «Akbarys Protection» ЖШС сияқты бірнеше өндірістік кәсіпорындарды аралады.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, PSA ЖШС және Машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың (IMBC) қолдауымен өткізілді. Бұл сапар Астана қаласындағы өндірушілердің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға жол ашып, болашақтағы іскерлік серіктестіктің негізін қалады.
Сапардың негізгі нәтижесі ретінде Астана қаласы әкімдігімен өткізілген жұмыс кездесуі және отандық өндірушілердің тауарлары ұсынылған көрмені атап өтуге болады. Кездесу барысында ынтымақтастықты ілгерілету мүмкіндіктері, басым тауарлар мен қызмет түрлерін жергіліктендірудің маңызы және жергілікті өндірушілерді қолдау тетіктері талқыланды.
«КПО Қарашығанақ кен орнын игеруге отандық өндірушілерді жұмылдыру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді», – деді КПО бас директоры Марко Марсили. «Бұл сапар жергілікті өндірушілердің жоғары кәсіби әлеуетін тағы да дәлелдеді. Біз өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік құрамыз деп үміттенеміз.»
КПО өңірдегі мүдделі тараптармен тығыз байланыс орнату арқылы жеткізушілердің инклюзивті әрі әртараптандырылған желісін құруды көздейді. Бұл өз кезегінде жергілікті кәсіпорындарға өндірістік ауқымын арттырып, мұнай-газ саласындағы ірі жобалардың талаптарына сай болуға мүмкіндік береді. Компания жыл соңына дейін өз жергілікті қамту стратегиясы аясында еліміздің басқа да аймақтарына сапарларын жалғастыруды жоспарлап отыр.
КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.