Ақсай, 2025 жылғы 16 мамыр — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Қарашығанақ мұнай және газ конденсат кен орнына (ҚМГКК) жасалған экологиялық сапар аясында Батыс Қазақстан облысының қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Сапарға келген топ құрамында табиғатты қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, экобелсенділер, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округтердің әкімдері болды. Аталмыш шара экологияны жақсартуға және халықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде өткізілді.
Сапардың басты мақсаты КПО-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметімен және оның қолданыстағы экологиялық нормаларға сәйкестікті қалай қамтамасыз ететінімен танысу болды. Қатысушылар сонымен қатар компанияның тұрақты даму саласындағы бастамаларына және мүдделі тараптармен өзара әріптестіктің қалай жолға қойылғанына қызығушылық танытты.
Сапар бағдарламасына сәйкес қонақтар КПО-ның өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге, сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған кешені – «Экоорталыққа» барды. Бұл объект барлық халықаралық стандарттарға сай жасалған және КПО-ның экологияға әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Экскурсия барысында Экоорталық инженерлері компания жаңа технологияларды қолдану арқылы қалай қалдықтарды басқаратыны және шығарындыларды азайтатыны туралы айтып берді.
Қонақтар КПО-ның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметінің ауқымына және Қарашығанақта заманауи «жасыл» технологиялардың енгізілуіне жоғары баға берді. КПО мамандары өз кезегінде экология тақырыбында қойылған түрлі сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Кездесу жайлы да жылы атмосферада өтті, ал кездесу барысындағы талқылар ашық та шынайы болды. Қорытындылай келе, қатысушылар мұндай кездесулер жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметімен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп, халықтың экологиялық сауаттылығы мен сенімін арттыруға сеп болатынын атап өтті.
КПО-ның БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.