2023 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының қызметіне жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша 2021 жылдың III тоқсаны мен 2022 жылдың I тоқсанында тіркелген 231,8 тонна көлеміндегі ластаушы заттардың нормативтен жоғары шығарындыларына байланысты антропогендік әсердің белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігіне сәйкес компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 44 156 263 (қырық төрт миллион бір жүз елу алты мың екі жүз алпыс үш) теңгені құрады.
Компания Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментін уақтылы хабардар етіп, аталған жағдайларға байланысты заңнамада көзделген барлық салықтық міндеттемелерін орындады.
КПО экологиялық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуге және өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін бақылауға бағытталған табиғат қорғау іс-шаралары кешенін іске асыруды жалғастыруда. Сонымен қатар, компания экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, технологиялық процестерді жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.
Осы ақпарат Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 181-бабы 3-тармағына сәйкес жарияланды.




