ҚазРусEng
Жергілікті бизнесті қолдау: КПО Маңғыстау Облысымен өңіраралық ыңтымақтастықты нығайтуда

АҚТАУ, Маңғыстау облысы, 2025 жылғы 21 тамыз – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) мұнай және газ саласының жетекші операторларының бірі бола отырып, қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасап, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеді.

 

Осы стратегия аясында КПО еліміздің түрлі өңірлеріндегі кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған аймақтық сапарлар сериясын жалғастыруда. Компания делегациясының кезекті сапары Ақтау қаласында өтті, онда КПО өкілдері құбыр өнімдерін, оқшаулағыш материалдарды, химиялық заттарды және басқа да тауарларды өндіруге маманданған өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды. Бұл жергілікті зауыттардың технологиялық мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуға және олардың Қарашығанақ жобасына жеткізілімдерге қатысу әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

 

КПО делегациясының сапары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Жаңбыршиннің, ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің, «PSA» ЖШС және Халықаралық машина жасау орталығының (IMBC) белсенді қатысуымен өтті. Кең ауқымды қатысушылардың болуы жергіліктендіру және өнеркәсіпті ынталандыру мәселелерін талқылауға кешенді көзқарас қамтамасыз етті.

 

Сапардың негізгі қорытындысы Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбайдың қатысуымен өткен жұмыс кездесуі және жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі болды.  Кездесуде өзара әрекеттесу болашағы, отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қолдау тетіктері және басым тауарларды жергіліктендіруді ілгерілетудің маңыздылығы талқыланды.

 

«КПО өз жеткізілім тізбегіне ОТӨ тарту және Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, - деді КПО бас директоры Марко Марсили. - Бұл сапар тағы да отандық өндірушілердің жоғары құзыреттілігін растады.  Біз ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікке сенім артамыз».

 

Соңғы он жыл ішінде КПО Маңғыстау облысының компанияларымен жалпы құны 500 миллион АҚШ долларынан асатын шамамен 128 келісімшарт жасасты.

 

Бұдан бөлек, Марко Марсили отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған КПО-ның тендерлік процедураларындағы өзгерістерді жариялады.

 

КПО аймақтық өндірушілермен белсенді өзара әрекетті жалғастыруға және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыруына, ірі мұнай және газ жобаларының талаптарына сай болуына көмектесе отырып, жеткізілім тізбегін кеңейтуге ниетті. Жыл соңына дейін компания өз стратегиясы аясында жергілікті қамтуды дамыту мақсатында аймақтық сапарларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі

 

 

 

БАҚ редакторларына арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және дамытумен айналысады.