АҚСАЙ қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 2025 жылғы 28 тамыз. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) 2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады.
Алғашқы алты ай ішінде компания тұрақты және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутек, шикі және тазартылған газ күйіндегі мұнай эквивалентінің 73,574 млн баррель өнім өндірді. Оған қоса 8 343.030 миллион текше метр шикі газ қойнауқатқа кері айдалды, бұл өндірілген жалпы газ көлемінің 63,2%-ын құрады.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарашығанақта газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,96%-ды құрады, осылайша экологиялық көрсеткіштер бойынша өз позициясын сала көшбасшысы ретіндегі нығайтты. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау шараларына КПО салған инвестицияларының жалпы көлемі 460,5 миллион АҚШ долларын құрайды.
КПО бас директоры Марко Марсили атап өткендей, «КПО компаниясы өндірістік қызметтің жоғары стандарттарын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын және әлеуметтік жауапкершілікті сақтай отырып, жауапты жер қойнауын пайдалану қағидаттарын ұстанады».
КПО Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамытуға басымдық беруді жалғастыруда. Алғашқы 6 ай ішінде КПО-ның тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жасалған келісімшарттарындағы жергілікті қамту үлесі 58,94%-ға жетті, бұл ақшалай баламада 337,17 миллион АҚШ долларын құрады.
Кәсіпорында кадрларды ұлттандыру шаралары бірізді әрі жүйелі іске асырылып келеді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында КПО-дағы жергілікті жұмыскерлер саны жалпы инженерлік-техникалық жұмыскерлердің 98%-ын және басшылық құрамның 86%-ын құрады.
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және дамытумен айналысады.
КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі




