Орал қ., Батыс Қазақстан облысы, 2025 жылғы 1 қыркүйек – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы, Қоныс ауылында 60 орындық заманауи мектепті пайдалануға тапсырғанын хабарлайды. Жаңа объект әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында салынып, қолданыстағы білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді.
Аталған мектеп – жарық әрі кең сыныптары бар бір қабатты ғимарат. Сынып бөлмелері заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген: оқушы парталары, көрнекті құралдарына арналған шкафтар, интерактивті тақта, сондай-ақ мұғалімдерге арналған компьютерлер мен принтерлер. Ғимаратта оқу залы бар кітапхана, оқу-өндірістік шеберханалар, үй шаруашылығы кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, медициналық кабинет және асхана қарастырылған.
«КПО қызметі ел мен облысқа экономикалық пайда әкелумен шектелмей, халықтың әл-ауқатына да оң әсер ететіне қуаныштымыз. Бұл мектептің құрылысы – компанияның әкімшілік және жергілікті қауымдастықпен ынтымақтастығының нәтижесі. Біз өңір үшін аса қажет осындай бастамаларды әрі қарай жалғастырмақпыз», – деді КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев мектептің ашылу салтанатында.
Жаңа мектеп ауыл балалары үшін маңызды білім ордасына айналып, олардың оқуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ауылдық елді мекендерде мектептерді салу және қайта жаңғырту мақсатында БҚО әкімшілігімен бірлесіп атқарылған жобаның аясында 2023–2024 жылдары облыс аудандарында 15 мектеп салынды. Қазіргі кезде компания 14 құрылыс жобасы мен Ақсай қаласындағы техникалық колледжге жабдық жеткізу жобасын іске асыруда. Осы жобалардың аясында шамамен 1000 адам жұмысқа тартылған.
КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және дамытумен айналысады.




