Алматы, Қазақстан Республикасы, 2026 жылғы 20 сәуір – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Қазақстан өңірлеріне аймақтық сапарлар сериясын жалғастырып, елішілік құндылықты дамытуға және қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын растап келеді.
Келесі сапар Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті. Сапар аясында компания өкілдері бірқатар кәсіпорындарды, атап айтқанда «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Әлем Тынысы» ЖШС, «Алматинский вентиляторный завод» ЖШС, «Avrora Electric» ЖШС және басқа да ұйымдарды аралап шықты. Жергілікті тауар өндірушілермен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда компаниялар өз өнімдерін таныстырып, КПО-мен бірлескен жұмысқа қатысты сұрақтарға жауап алды.
КПО делегациясының сапары Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаты Ерлан Барлыбаев, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «PSA» ЖШС және «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» – IMB Орталығы қатысты. Сапар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кәсіпорындардың өндірістік әлеуетімен танысуға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға жағдай жасады.
Жергілікті тауар өндірушілерге сөйлеген сөзінде КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев: «Біз отандық тауар өндірушілерді жеткізілім тізбегіне тартуға бағытталған бастамалардың ауқымды кешенін іске асырып жатырмыз. Бұл тек сатып алулармен шектелмей, халықаралық және қазақстандық компаниялар арасында тұрақты әріптестік қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ жергіліктендіру әлеуеті жоғары өнімдер мен жабдық санаттарын анықтауға ерекше көңіл бөлудеміз.»,- деді.
«Біз үшін қазақстандық компаниялардың жобаларға жай ғана қатысуы емес, ел ішінде де, шетелде де халықаралық стандарттарға сай жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті ойыншыларға айналуы аса маңызды», – деп қосты Мұхтар Манкеев.
Сонымен қатар дөңгелек үстел форматындағы кездесу барысында КПО отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі таныстырып, қазақстандық кәсіпорындар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тендерлік рәсімдердегі жаңа өзгерістерді түсіндірді. Аталған бастамалар КПО-ның Қарашығанақ кен орны жобаларына жергілікті өндірушілерді кеңінен тартуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
2025 жыл ішінде КПО өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және жергілікті өндірушілерді Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына тарту бастамасы аясында Қазақстанның бірқатар өңірлеріне, соның ішінде Астана қаласына, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына сапар жасады.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар нақты жобалар бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыруға және Қарашығанақ жобасына қажетті тауарлар мен қызметтерді жеткізуде қазақстандық кәсіпорындардың үлесін арттыруға уағдаласты.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі.




