АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 15 сәуір - «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Ақсай қаласында өткен жалпықалалық тазалық күніне қатысты.
Биыл КПО жұмыскерлері Железнодорожная көшесі бойындағы – Наурыз көшесінен Дружбы Народов көшесіне дейінгі жолдың екі жағындағы аумақтарды тазалады. Аумақ тұрмыстық қалдықтардан, қураған бұта-ағаштардан және өткен жылғы жапырақтардан тазартылды. Сондай-ақ, ағаштар санитарлық тұрғыда қырқылып, арықтар тазартылды. Тазалау жұмыстарының нәтижесінде 6 тонна қалдық жиналып, сыртқа шығарылды. Оған компанияның 100-ден астам жұмыскері қатысты.
КПО-ның «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысуы — компанияның жүйелі экологиялық саясатының құрамдас бөлігі. Бұл бастама компанияның қоршаған ортаны қорғауға және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға деген адалдығын көрсетеді.
БАҚ-қа арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), « Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.
КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі.




