ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жыл - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеевтің қатысуымен жалпы ұзындығы 72 км болатын «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 36–72 км және 72–108 км учаскелеріне барып кездесулер өткізді.
Сапар барысында КПО бас директордың орынбасары Мұхтар Манкеев 2026 жылға арналған жұмыстарды орындау кестесін егжей-тегжейлі тексеріп, дайындалып жатқан инертті материалдарды қарап шықты, сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Жұмыстарды сапалы, белгіленген мерзімдерде және жобалық құжаттамаға қатаң сәйкес орындау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Аталған жобаларды компания әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар аясында жүзеге асырып жатыр.
БАҚ-қа арналған анықтама:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.
КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі




