Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 25 сәуір - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) санитарлық‑қорғау аймағында ағаш отырғызу мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, нысан аумағын абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Биыл келесі алаңдарда ағаш отырғызу жұмыстары жоспарланған:
ГКДҚ‑3 нысанының артқы жағында, Жаңаталап ауылы бағытында орналасқан есептік санитарлық‑қорғау аймағындағы 20,4 гектар аумақты қамтитын 13 учаскеде 67320 көшет отырғызылып, жаңа қорғаныш орман белдеулері салынатын болады.
Успенка (Успеновка) ауылы маңында орналасқан қолданыстағы қорғаныш орман белдеулерін қалпына келтіру - 26,4 гектар аумақты қамтитын 13 учаскеде жүзеге асырылып, 87120 көшет отырғызылатын болады.
КПО Қарашығанақ кен орнындағы есептік санитарлық‑қорғау аймағында ағаш отырғызу және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жұмыстарды 2023 жылы Санитарлық‑қорғау аймағындағы техникалық‑экологиялық қолдау көрсету жобасына сәйкес бастаған болатын. Келесі кезеңде 2028 жылға дейін есептік санитарлық‑қорғау аймағын толық ұйымдастыру және абаттандыру жұмыстары көзделіп отыр. Бұл жұмыстар бар жасыл желектерді қайта жаңғырту, жаңа жасыл екпелерді отырғызу және орман алқаптарын күтіп‑бағу шараларын қамтиды.
Қорғаныш орман белдеулері іргелес алқаптардың микроклиматына оң әсер етіп қана қоймай, ылғалдың таралуына (жауын‑шашынның сұйық күйіндегі ағыны мен қатты күйіндегі көшуін реттеуіне) және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінеде елеулі ықпал етеді.
БАҚ-қа арналған анықтама:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.
КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі




