KПO компаниясы кен орнындағы жұмыскерлерге арналған жалпы жиналыс өткізді. 400-ден астам қатысушының басын қосқан бұл жиын мазмұны терең, мәні кенен шараға айналды.
Кездесу барысында компанияның ағымдағы қызмет нәтижелеріне жан-жақты шолу жасалып, негізгі жетістіктер мен өндірістік кезеңдер атап өтілді. Бұған қоса, басшылық сәуір айына дейінгі жыл басынан бергі көрсеткіштерді таныстырып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық бағыттар мен негізгі мақсаттарды айқындады.
Жиынның айрықша бөлігі – КПО-365 стратегиясы аясында өткізілген стендтік сессиялар болды. «Адамдарға қамқорлық», «Кірістерді арттыру» және «Шығындарды басқару» тақырыптарындағы бұл сессиялар жұмыскерлер мен түрлі бөлім өкілдері арасында ашық әрі мазмұнды диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Қатысушылар ой-пікір алмасып, нақты ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.
Жиын соңында жыл бойы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, ұжым бірлігін нығайтқан әрі жаңашылдыққа ашық көзқарас танытқан жұмыскерлер арнайы марапатталды. Cонымен қатар, кездесу жұмыскерлер үшін еркін пікір алмасып, көкейдегі сауалдарын жолдап, ұсыныстарын ортаға салуға және компания басшылығымен ашық сұхбат құруға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңы ретінде есте қалды.
КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі




