ҚазРусEng
КПО жұмыскерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасына қолдау көрсетіп, сенбілікке қатысты

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 26 мамыр – «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында КПО жұмыскерлері Орал қаласындағы экологиялық сенбілікке шығып, «Ремзавод» маңында Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Науқан аясында 350 кг қалдық жиналды.

Іс-шара «Орал Таза Сервис» ЖШС қолдауымен өтті. Аталмыш компания қалдықтарды шығарып, әрі қарай өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберуді қамтамасыз етті.

КПО-ның «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысуы – компанияның экологиялық мәдениетті дамыту және қоғамдағы экологиялық сананы арттыруға бағытталған бастамаларының бір бөлігі.

Мұндай науқандар қаланы тазартып қана қоймай, әр адамның үлесі маңызды екенін көрсетеді.

 

БАҚ-қа арналған анықтама:

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.

КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі