ҚазРусEng
КПО өңірдің медициналық инфрақұрылымын жаңартуда

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 29 мамыр –КПО компаниясы Батыс Қазақстан облысының медициналық инфрақұрылымын жаңғырту жобасы аясында өңірдегі мекемелерге заманауи медициналық жабдықты сатып алу үдерісін бастады. 

Жобаның мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, оның қолжетімділігін және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету. 

Жабдықтарды жеткізудің бірінші кезеңін отандық тауар өндірушілер жүзеге асырып жатыр. 

Аталған бастама медициналық ұйымдардың үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасап, емдеу-профилактикалық мекемелерді заманауи технологиялармен дер кезінде жабдықтауға, сондай-ақ науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстың бірқатар медициналық мекемелеріне жіңішке сүзгілеу жүйесі бар икемді эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкафтар жеткізілді. Жабдық Облыстық онкологиялық диспансерге, Облыстық көп бейінді ауруханаға және Казталов аудандық ауруханасына берілді. 

Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық мекемелерге жылжымалы рентгенографиялық аппараттарды жеткізу жұмыстары жалғасуда.

Жобаға тартылған барлық ұйым жабдықтарды толық жеткізу, оларды орнату және қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ кейінгі сервистік қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.

Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына серпін беретін маңызды бастама.

БАҚ-қа арналған анықтама:

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.

КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі