АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 25 маусым – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы әртүрлі бөлімдер мен басқару деңгейлерінің жұмыскерлерін біріктірген жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналған үшінші жыл сайынғы семинарын өткізді. Биылғы семинар Қарашығанақ кен орнындағы ҚӨК әкімшілік ғимаратында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жергілікті қамтуды дамыту саласындағы бастамаларды жүзеге асырудың ағымдағы жағдайын талқылауға, сондай-ақ Қарашығанақ жобасы шеңберінде компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Семинар жұмыскерлердің жергілікті қамтуды дамыту саласындағы қол жеткізген нәтижелері, сонымен қатар КПО-ның түйінді процестері мен бастамалары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, ішкі процестердің тиімділігін арттыру мақсатында бөлімшелердің күш-жігерін біріктіруге ерекше назар аударылды.
Семинар ашық диалог түрінде өтіп, қатысушыларға өзекті мәселелерді сындарлы түрде талқылауға, кәсіби тәжірибе алмасуға, ішкі процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ компанияның барлық бөлімшелерінің жергіліктендіру саясатын іске асыруға қатысу деңгейін арттыруға ықпал етті. Бұдан бөлек, семинар барысында қатысушылар сарапшылармен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, нақты практикалық жағдайларды талқылады.
Іс-шара аясында КПО бас директоры Марко Марсили қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, жергілікті қамтуды дамыту саласында тұрақты нәтижелерге қол жеткізу компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің үйлестірілген өзара іс-қимылына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мұндай өзара іс-қимыл КПО-ның стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асырудағы шешуші фактор болып табылады.
Семинар қорытындысы бойынша жергілікті қамтуды дамыту процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған басым бағыттар анықталып, алдағы бірлескен іс-қимылдар келісілді.
Жергілікті қамту үлесін ұлғайту компания қызметінің ажырамас бөлігі екенін атап өткен жөн. КПО осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады.
БАҚ-қа арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.
КПО әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі



